ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов Степногорск қаласына сапары аясында әлеуметтік маңызы бар нысандардың, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының тыныс-тіршілігімен танысып, шаһардың активімен кездесті.
РКС: Қаланың қақ ортасында 9 қабатты «Жастар» деп аталатын облыстық жасөспірімдер мекемесі, яғни әлеуметтік бейімдеу орталығы орналасқан. Бүгінгі күні 2 қабаты ғана қолданыста. Қалғаны бос тұр. Жөндеуді қажет ететін тұстары да бар.
СНХ: ШОҚАН ОРАЗАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Тоғызыншы этаждың шатырын ремонттау керек. Содан кейін біз қаншама жылуға ақша төлеп отырмыз. Қаншама этаж бос тұр. Бұл сұрақты бірнеше рет көтергенбіз. Бұл жерде бізде жас мамандар көп, мұғалімдер. Біз оны жас мамандарға общежитие ретінде бере аламыз, бірақ, біздің уставной деятельностымызда ондай құзыретіміз жоқ. Ал енді бұл зданиені акиматпен қарастырып, бізге бір шағын здание тауып берсе, не болмаса мұны сигментировать етіп, екі этажды өзімізге қалдырып, акиматқа берсек.
РКС: Айта кетейік, Степногорск бойынша 2 мыңға жуық адам пәтер кезегінде тұр. Облыс басшысы Марат Ахметжанов қала әкіміне білім басқармасымен бірлесіп,шаһардың балансына алуды тапсырды. Шаһардағы көпбейінді аурухана 240 жатын орынға шақталған. 30-ға жуық адам күндізгі стационарда ем қабылдай алады. 2012 жылы емдеу мекемесінің кебір бөлімшелерінің шатыры мен жеделсатылары қалыпқа келтірілген. Келер жылы алып ғимараттың бірнеше бөлігіне жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Оған 526 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасына енгізілген аурухана. Осылайша денсаулық сақтау мекемесі жақын маңдағы елдімекендердің тұрғындарына қызмет көрсетеді. Емдеу мекемесінде кадр тапшылығы бар.
СНХ: БАҒЛАН НАУРЫЗБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ: Дәрігерлер сөйлесіп жатырмыз. Басқа отделениелер ашылады ғой. Келетін түрі бар. Бізге квартира керек.
РКС: Облыс әкімі «Жастар» мекемесінен орын қарастыруды тапсырды. Тіпті отбасылы мамандарға бір секцияны беруге болады, деп атап өтті. Одан соң аймақ басшысы қаладағы тағы бір емдеу мекемесінің жұмысымен танысты. «Виамедис» серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған. Инвестиция көлемі 1 миллиард теңгеден асады. Бір ауысымда 1 мыңнан астам адамды қабылдай алады. Бұл емханаға тіркелгендер саны 66 мыңнан астам. Заманауи медициналық құрал-жабдықпен жарақтандырылған. Дәрігерлер жеткілікті.
СНХ: ӘСЕТ АХМЕТОВ, «VIAMEDIS» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Қазақстанда алғашқы болып пилоттық жобада диабет учаскесін іске қостық. Қант диабетінің бірінші, екінші түрімен ауыратын барлық пациент эндокринологтың басшылығымен бір учаскеге жинақталады. Бұл өте ыңғайлы.
РКС: Степногорск ірі өндірістік шаһар. Сапар аясында облыс әкімі минералды шикізат пен мыс-молибден кенін қайта өңдейтін «Степногорск тау-кен химия зауыты» серіктестігі мен подшипник зауытының жұмысымен танысты. Шаһар өңірге ғана емес, елімізге кеңінен танымал жылыжайымен де мақтана алады. «Қазақстанның жылыжай технологиялары» серіктестігінің өніміне сұраныс та жоғары. Жылыжай басшылығы электр энергиясының құны өте жоғары екенін алға тартты.
СНХ: АЛЕКСАНДР ГРИБАЛЁВ, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖЫЛЫЖАЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Айына электр энергиясы үшін 100 миллион теңгеге дейін төлейміз. Сондықтан облыстық әкімшілікпен бірлесіп бізге жеке электр желісін тартуға қатысты бағдарлама әзірленді. Ол жүзеге асса, біршама жеңілдер еді. Сәйкесінше біз өз өнімдеріміздің де бағасын біраз арзандатар едік. Шындығына келгенде қыста тым қымбат баға.
РКС: Қазір бұл бағдарлама Экономика министрлігі тарапынан пысықталып жатыр. Оның құны 2,5 миллиард теңге. Жылыжай басшылығы есептеулер жүргізіп, сараптама жасалып жатқанын мәлімдеді. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Марат Ахметжанов қала активімен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады. Жиын соңында аймақ басшысы қолға алынған жобаларды дер кезінде аяқтауды тапсырды. Мерзімінен кешіктірмеу қажет. Ең бастысы сапаға ерекше назар аударылуы тиіс екенін айта келіп, сала басшыларына бірқатар міндет жүктеді. Жергілікті атқарушы билік халыққа жақын болуы қажет. Елдің сенім үдесінен шыға білсек, біздің жұмысымызға берілген басты баға сол болмақ деп түйіндеді активті облыс әкімі.
ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ