ДИКТОР: Қыркүйек айынан бастап Ұлттық жолаушылар тасымалдаушысы пилоттық режимде экологиялық қызметті іске қосты. Бұл жоба арқылы тұрғындар Бурабай курорттық аймағының көрікті жерлерін экологиялық көліктер арқылы аралай алады. Бұл қызмет түрін «Астана – Көкшетау» және «Ерейментау – Көкшетау» бағытындағы электр поездарының жолаушылары пайдаланады.
РКС: Жолаушылар Курорт-Бурабай станциясының электр көліктің қызметін пайдалана алады. Электр автобусы Бурабай ауылы, Абылай хан алаңы және Шучинск бағыты бойынша жүреді. Сондай-ақ,тұрғындар үшін электр такси қызметі жұмыс істейді. Жолаушыны өзі көрсеткен мекен-жайға дейін жеткізеді.
СНХ: СЕРГЕЙ БАЛАШОВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ «ҚАЛА МАҢЫНДАҒЫ ТАСЫМАЛДАР» ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Электр пойыздарында жолаушылар салонында орналасқан QR кодын сканерлеу арқылы экотакси диспетчеріне хабарласа алады. Бурабай курорты станциясынан кез-келген бағыт бойынша тапсырыс бере алады. Жол жүру бағасы небәрі 500 теңге. 14 орындық минивэндегі баға 200 теңге. Бұл курорттық аймақтың қонақтары мен тұрғындары үшін өте қолайлы баға.
РКС: Қазір 1 электротакси және 2 электроавтобус жұмыс істейді. Бұл жаңалықты естіген жолаушылар қуаныштарын жасырмады.
СНХ: НҰРДАНА КАРПОВА, ЖОЛАУШЫ: Бір жерден бір жерге жету үшін көлік іздеп, уақыт жоғалтатынмын. Ал мына қызмет түрі тұрғындарға өте тиімді. Қазір біз бірден автобусқа отырдық. Ең төменгі баға үшін 500 теңге. Бұл өте қолайлы баға. Ыңғайлы, экологиялық таза көлік. Демалушылар үшін өте қажет.
РКС: Алдағы уақытта бұл жобаны Курорт-Бурабай станциясы арқылы өтетін барлық поездарға қосу жоспарланып отыр. Экологиялық таза көлік саны да артпақ.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ,ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ