ДИКТОР: Жыл басынан бері облыста интернет алаяқтың 700-ден астам фактісі тіркелген. Күн санап қылмыстың жаңа түрлері пайда болуда. Осындай заңсыз әрекеттер интернет алаңдарында белең орын алып келеді.
РСК: Облыс бойынша электронды сауда саласында зардап шеккендердің қарасы қалың. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің атына 560 арыз түскен. Соның 22 проценті электронды сауда бойынша. Нәтижесінде сатып алушыларға арыз-шағымдар бойынша 46 миллион теңге, оның ішінде электронды саудаға қатысты 3 миллион теңгеге жуық сома қайтарылды.
СНХ: НҰРЛАН ҚАЛҚАМБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Тұтынушылардың электронды сауда бойынша шағымдары тауардың үлгісі мен сипаттамасына сәйкес келмеуі, сатушылардың тауарларды жеткізу мерзімін сақтамауы, сапасыз тауарды ұсыну, ақы төленгеннен кейін тауарды беруден бас тарту мәселелеріне қатысты. Бұл ретте, интернет сайттар мен әлеуметтік желілер арқылы киім, жиһаз, тіпті мотоцикл сататын жауапсыз кәсіпкерлердің алаяқтық фактілері анықталды.
РКС: Өңірде интернет сайттарынан тауар алып, сан соқтырған жерлестеріміз аз емес. Көкшетаулық бір тұрғын фейсбук арқылы брендтік қолсағат пен әмианды бар болғаны 35 мың теңгеге сатып алған. Ал тауар келген кезде сағаттың шынысы сынық, ал әмиан таза былғары емес, жасанды болып шыққан.
СНХ: СЕРІК МӘКІШЕВ, ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Облыста 30 жыл істейміз. Осындай алаяқтық осы 3-4 жылдың ішінде көбейіп кетті. Тауар алғанда сапасын білмейді. Бағасы төмендеу болғасын егер дүкенде 500 мың теңгенің тауары интернетте 50-60 мыңға арзан болады. Халық соған алданып, соңында ұрынады. 2-ші нәрсе телефонын, тұрғылықты адресін біліп алу керек. Сосын ғана сатып алу керек.
РКС: Тұтынушылар ең алдымен қырағы болуы қажет,-дейді мамандар. Сондай-ақ, егер сатып алушы тауарына көңілі толмаған жағдайда шағым жолдайтын заңды орынның бар екеніне көз жеткізуі қажет.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ