ДИКТОР: Жасына байланысты зейнетақы төлемдері 2023 жылғы 20-шы сәуірдегі Әлеуметтік кодекстің нормаларына сәйкес жүргізіледі. Нақтырақ айтсақ, ер адамдарға 63 жасқа, әйелдерге ағымдағы жылдың 1-ші қаңтарынан 61 жасқа толғаннан кейін төленеді. Дегенмен, 2031 жылдан бастап төлемдерді тағайындау мерзімі екі жаққа тең болмақ.

РКС: Кеңес алу, құжаттарды тексеру және зейнетақы төлемдерін алдын ала есептеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына зейнеткерлік жасқа толғанға дейін үш ай бұрын жүгіну қажет. Өзімен бірге еңбек кітапшасы, оқу орнын аяқтау туралы диплом, ер адамдар үшін әскери билет, әйелдер үшін балалардың туу туралы, неке қию немесе ажырасу туралы куәлігі болу керек.

ИНФОГРАФИКА МӘТІНІ: 2028 жылдың 1-ші қаңтарынан әйелдер үшін зейнеткерлік жасы біртіндеп, 6 айға ұлғая бастайды. Осылайша, 2031 жылдан бастап әйелдер зейнетақы төлемдерін 63 жасқа толғаннан кейін алады.

ИНФОГРАФИКА: Зейнеткерлік жасқа жету: ер адамдар 63 жасқа толғаннан кейін; әйел адамдар 2023жылдың 1 қаңтарынан – 61 жасқа толғаннан кейін; 2028 жылдың 1 қаңтарынан – 61,5 жасқа толғаннан кейін; 2029 жылдың 1 қаңтарынан – 62 жасқа толғаннан кейін; 2030 жылдың 1 қаңтарынан– 62,5 жасқа толғаннан кейін; 2031 жылдың 1 қаңтарынан–63 жасқа толғаннан кейін.

РКС: Өңірде 112 мыңнан аса адам зейнетақы алады. Төлемдердің орташа мөлшері 118 084 теңге. Жыл басынан бері 3 мың 100-ге жуық адам зейнетақы тағайындауға өтініш білдірді. Осы кезеңде шамамен 110 млрд. теңгеге төлемдер жүргізіліпті.

СНХ: ВИТАЛИЙ ГОРОДЕЦКИЙ, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ" ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Зейнетақы 3 бөлімнен құралатынын атап кеткен жөн. Бірінші бөлігі – ортақ зейнетақы. 98-ші жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезең аралығында еңбек өтілінен, яғни жинақтаушы жүйенің күшіне енуіне дейін және 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысындағы үзілістерден тәуелсіз кез келген үш жыл аралығындағы орташа айлық табысынан есептеледі. Екінші бөлігі - базалық зейнетақы жарналары. Оны есептеу үшін 98-ші жылдың 1-ші қаңтарына дейінгі және одан кейінгі еңбек өтілі есепке алынады. Келесі, үшінші бөлігі –бұл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры аударымдарынан қалыптасқан қор есебінен.

РКС: Зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтінішті беру үшін қызмет алушы қажетті құжаттарымен тіркелу орнынан тәуелсіз кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. Оған қоса, «Электрондық үкімет порталын» пайдалануға да мүмкіндігі бар.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ