ДИКТОР: Облыстық әкімдікте жылу маусымы және егін жинау науқаны талқыланды. Өңір басшысы Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен отырыста күн тәртібіне қатысты атқарылып жатқан шаралар қаралды. Бірқатар ауданда жылу кезеңіне дайындық жұмыстары әлі де аяқталмаған.
РКС: Биыл жылу маусымына 27,6 млрд теңге бөлінді. Оның 5,6 млрд-ы 11 жобаны қосуға қарастырылған. Біржан Сал, Бұланды, Жарқайың аудандары мен Көкшетау қаласында 7 жоба әлі іске асырылған жоқ.
СНХ: ДАНИЯР ҚУАНЫШБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазандықтардың дайындығы 95 пайыз. Білім беру, денсаулық сақтау объектілері - 99 %, ал тұрғын үйлер - 86% пайызға дайын. Бірақатар ауданда жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ. Атап айтқанда, Жарқайың ауданы Державинск қаласы, Степногорск қаласының Бестөбе кенті бойынша блок-модульді қазандықтарды орнату және желілерді жүргізу жұмыстары аяқталды. Алайда, абоненттерді қосу бойынша жұмысты күшейту қажет. Атбасар ауданындағы екінші қазандықты жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ.
РКС: Жиында тариф белгілеу мәселесі де қаралды. Бір жылда жылумен жабдықтау тарифі 33 пайызға, су мен электр энергиясына 31 мен 37 пайызға өсті. Оған қоса, аудандағы уәкілетті органға тарифті қайта бекітуге өтінім жіберілмеген. Облыс әкімі осы жағдай мен жылу кезеңіне дайындық бойынша тапсырмалар жүктеді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Аудандар мен қала әкімдері кара отын бағасының өсуіне бақылауды жүзеге асыру, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, дене шынықтыру және спорт басқармалары, аудан әкімдіктері жылу маусымының өтуін ерекше бақылауға алуы қажет.
РКС: Отырыста егін жинау науқаны да талқыланды. Диқандар үшін биыл қиын болды. Бұған себеп, үш аптадан астам уақытқа созылған жауын-шашын. Салдарынан, астық сапасы нашарлап, сондай-ақ жалпы дәнді дақылдардың шығымдылығы төмендеді. Жағдайды бақылауда ұстау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Жалпы, егін жинауға 9 мың комбайн, 3 мыңға жуық орақ және 5 мың жүк көлігі жұмылдырылды. 1,6 млн. гектар аумақта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар шабылып, бастырылды. Жаппай алым 872,8 мың тонна.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ