ДИКТОР: Елімізде қыркүйектің соңғы жексенбісі еңбек күні аталып өтеді. Осы мереке қарсаңында кәсіпорын еңбеккерлері мен еңбек династиялары арасында республикалық "Еңбек жолы" байқауы ұйымдастырылды. Көкшетауда облыстық байқаудың екінші, үшінші орын иелері марапатталып, жеңімпаздарға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды. Ал 1 орын иелері республикалық байқауда бақ сынады.

РКС: Нияз Маңызов Зеренді ауданы, Қонысбай ауылының тұрғыны. Әкесі Жеңіс Маңызов 2005, өзі 2008 жылдан бері "Алтынтау Көкшетау" кәсіпорнында еңбек етіп жатыр. Әкесінің бауырлары мен келіндері де осы кәсіпорында түрлі мамандықта жұмыс істеуде. Бұл отбасы "Еңбек жолы" байқауының аймақтық кезеңінде "Үздік еңбек әулеті" номинациясын иеленді.

СНХ: НИЯЗ МАҢЫЗОВ, "ALTYNTAU KOKSHETAU" КӘСІПОРНЫНЫҢ ЭКСКАВАТОР МАШИНИСІ: Алтынтауда барлығымыз жұмыс істейміз, бәрі жақсы, ретке келтірілген. Автобуспен алып барады, алып келеді, тамақтандырады. Карьерде жұмыс істейміз,техника үлкен, жұмыс ауыр.

РКС: "Еңбек жолы" байқауының аймақтық кезеңіне 42 өтінім келіп түскен. Олар "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері", "Өндірістің ең үздік жас жұмыскері", "Үздік еңбек әулеті" сынды номинациялар бойынша бақ сынады.

СНХ: АМАНГЕЛДІ СМАЙЫЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ИНСПЕКЦИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл мерекені жыл сайын өткізу дәстүрге айналып келеді. Бұл мерекенің басты мақсаты еңбек адамдарын ынталандыру, жастардың еңбектерін насихаттау болып табылады.

РКС: Салтанатты шара соңында облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мен кәсіподақтар орталығы жұмыста адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, жарақаттанудың алдын алу және еңбекті қорғау жөніндегі бірлескен іс-қимылдарға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

ИНТЕРШУМ: меморандумға қол қою сәті

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ