ДИКТОР: Ұлы Отан Соғысының жауынгері, жерлесіміз Қуанышбек Мұқышевтың топырағы елге жеткізілді. Өңір тумасы, соғыс басталған жылы 21 желтоқсанда Полашкино селосында Мәскеу үшін шайқаста қаза тапқан. Ресейдің Мәскеу облысына қарасты Руза ауданы, Ленький елдімекеніндегі бауырлас қабірге жерленген.
РКС: Қан майданда әлемнің 70-тен астам мемлекетін 60 миллионнан аса жауынгер қаза тапты. Соның бірі, Қуанышбек Мұқышев. Ол 108 атқыштар дивизиясы, 407-ші атқыштар полкінде болған. Соғысқа 24 жасында аттанған сарбаздың артынан ерген ұрпағы болмаған. Бірақ, інісі мен қарындасынан туған балалар аталарының жатқан жерін тауып, топырағын отанына алып келуді жөн көрген.
СНХ: БОТАГӨЗ НҰРПЕЙІСОВА, ҚУАНЫШБЕК МҰҚЫШЕВТЫҢ ЖИЕНІ: Көп жылдан бері іздедік. Осыдан 2 жыл бұрын тапқанбыз. Через сайт «Памяти народа» соның арқасында таптық та, но не жасау керек, қалай жасау керектігін білмедік, биыл мінекей поисковый группаға қатынасып, Көкшетау колледжінің. Сол кісінің руководителінің арқасында сол жаққа барып келдік. Ағамыздың қаза тапқан жеріне барып келдік. Осы елден жер апарып келдік. О, жақтан жер алып келдік. Енді осы жақтан сол кісіні еске алатыгн кеш ұйымдастырайын деп отырмыз. Және өзіне ескерткіш орнатайын деп отырмыз. Сондай себеппен бүгін жиналып отырмыз.
СНХ: ҚҰМЫРЛЫҚ МҰҚЫШЕВ, ҚУАНЫШБЕК МҰҚЫШЕВТЫҢ НЕМЕРЕСІ: Кейбіреулеріміздің аталарымыз, әкелеріміз еліне, отбасына аманн-есен оралды. Ал қаншамасы сол соғыста іс-түссіз жоғалып шейіт болып кетті. Сол соғыста шейіт болып кеткендердің бірі осы біздің атамыз Мұқышев Қуанышбек. Атамыз 1941 жылы соғысқа шақырылып, сол жылы 1941 жылдың декабірінде Москва түбінде Полашкина қаласында қаза тапты. Атамыздың қайтқан, жерленген жерін, көрсек екен деп анасы, қарындасы, інісі армандап бұл дүниеден өтті. бірақ біз Ботагөз апамыз екеуміз топырағын алып басына құран оқып келдік.
РКС: Қазақ гуманитарлық-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері бірлесе отырып 2018 жылы әскери-патриоттық «Көкшетау Іздеу» іздестіру тобын ұйымдастырады. Ол топ Ұлы Отан соғысына қатысқан, бірақ хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлерді табу мақсатында құрылған. Ұйым 4 мыңға жуық сарбазды зерттеп, 300-ден астам отандасымыздың сүйегін тауып, жерленген жерде ескерткіш тасқа мәңгілік атын жазып кеткен.
СНХ: ЕРКІНБЕК АБДУЛЛИН, ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ «КӨКШЕТАУ ІЗДЕУ» ІЗДЕСТІРУ ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің клуб бірінші рет Ақмола облысында құрылған. Содан бері біз халықаралық «Вахта памяти» дейді. Колуга, Тула, Россия облыстарына барып Украина, Ленинград, Санк-Петербург сол маңайын зерттегенбіз. Мұқышев Қуанышбек атамыздың қаза тапқан жерінен топырағын алып, келіп отырмыз. Бізді ана жақта қарсы алғандарына өте ризамыз.
РКС: Қуанышбек Мұқышевтың топырағы Алтынды ауылында жер қойнауына табысталды. Рәсімге тек ауыл тұрғындары ғана емес, көршілес Жаңаталап, Боярка, Елтай, Алакөл сияқты көрші елдің тұрғындары да атсалысты.
СНХ: МАРАЛ БАЙЖАНОВ, АЛТЫНДЫ СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Әрқашанда өзіміздің ұлы аталарымызды мақтаныш етеміз. Сол кісінің інісінің балалары, ұрпақтары осында тұрады. Солар әкеліп, іздеп тауып әкелді. Ардагерлер қазір қалған жоқ өкінішке қарай. Біздерден 540 адам кеткен. Біздің селолық округтен. Соның ішінде 240 адамы қайтып келмеген. Қалғандары соғыстан осында келіп, өмір сүріп балашағаларын көріп қайтыс болғандар. Ол кісілрдің де есімдерін оң жақтағы ескерткішке жазып қойдық. Ал сол жағында соғыстан келмегендер.
РКС: Шарадан кейін ауыл ақсақалдары мен ер азаматтары зират басына барып, тас көтеріп, құран бағыштады. Рәсім соңында ас берілді.