ДИКТОР: Қоғамның ең басты құндылықтарының бірі – адамгершілік. Осы қасиет бар жерде адамдар арасында өзара түсіністік пен сыйластық күшееді. Осындай мақсатты негізге ала отырып, облысымызда 2021 жылдан бері «Игі істер автобусы» жобасы жүзеге асып келеді. Айталық, бүгін «Аяла» пансионатында Жоғары техникалық колледж студенттері қарияларға көмек көрсетті.

РКС: «Игі істер автобусы» жобасы облыстық білім басқармасы мен өңір колледждерінің мұрындық болуымен жүзеге асуда. Жыл он екі ай студенттер шақырған жерлерге барып, әлеуметтік осал топтарға көмек көрсетеді.

СНХ: БАУЫРЖАН ЫБЫРАЕВ, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледж өзінің негізгі міндеті, жоғары санатты техникалық кадрларды даярлаумен қатар, жастарға дұрыс тәрбие беруді міндет деп біледі. Біздің мақсат – жоғары білімді, бойында адамгершілік қасиеті бар жастарды тәрбиелеу. «Игі істер автобусы» акциясы бірнеше жылдан бері жүзеге асып келеді. Оның аясында біз жалғыз басты қарияларға, мүгедектерге көмек көрсетеміз.

РКС: Студенттердің көмегі тегін. Олар құрылыс, шаштараз, тігін, дәнекерлеу сынды көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Ауланы жинап, отын жарады,-дейді Бауыржан Ыбраев. Игі іс атқарып жүрген жастар қарттарға көмектесу парызымыз деп біледі және бұл жерге ерікті ретінде келген.

СНХ: АЛЬБИНА ШАЙДУЛЛИНА, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен үшінші курста оқимын. Болашақ шаштаразбын. Бұл жерге қарияларға көмек көрсету мақсатында келдім. Қолымнан келгенше, көп игі істер жасағым келеді. Және бұл жерде осы ойымды жүзеге асыруға болады.

РКС: Бұл жоба Қазақстанда бірегей. «Игі істер автобусы» деген атауы әр игі бастаманың маңызды екенін білдіреді. Демек, көп түкірсе – көл,- деген ел даналығы әлі күнге дейін өзекті.

ФАРИЗА АСЫЛБЕКОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ