ДИКТОР: Егіндікөл ауданының жағдайы қиын. Соңғы он жыл ішінде аудан халқы үш есеге азайған. Оның басты себебі – ауыз судың тапшылығы. Мәселеден шуғудың амалдары жан-жақты қарастырылуда. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақмола облысында болды. Ол мердігер ұйымдарымен кездесіп магистральдық су құбырларын қайта жаңғырту жұмысының барысымен танысты.

РСК: Жалғыз Егіндікөл ауданы ғана емес, Қорғалжын мен Атбасар аудандарының жиырмадан астам елді мекенін ауыз сумен қамтитын Нұра су құбырына жарты ғасырдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Ұзақ уақыт бойы елге қызмет етіп келе жатқан су құбырының бүгінде сау жері жоқ. Ол толықтай шіріп кеткендіктен ауылдарға мүлде су келмейді. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұзындығы 337 шақырымды құрайтын Нұра топтық су құбырын қайта жаңғыртудың жобалық құжаттамасын әзірлеуде. Жоба 4 кезеңнен тұрады.

ИНТЕРШУМ: министрдің мердігермен әңгімелесу барысы

СНХ: НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: Біздің ең үлкен мақсат осы 68 бен 16 шақырымды биыл бітіру. Келесі жылы бұл үлкен жоба екінші, үшінші кезеңі бар. Біз бас станцияда жұмыстарды атқарамыз. Скважиналарды тазалау, судың қорын көбейту келесі жылдың жұмысы. Оған қазір жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатыр.

РКС: Бүгінде «BertysConstruction» серіктестігімен «Көкшетаугидрогеология» акционерлік қоғамы екі бағытта жұмысты атқаруда. Жобаның алғашқы кезеңіне 330 миллион теңге бөлінді.

СНХ: РУСЛАН МАНАТАЕВ, МЕРДІГЕР: Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына 10-нан астам техника жұмылдырылды. Күніне шамамен 2 шақырымға жуық құбыр салуды жоспарлап отырмыз. Жылдың соңына дейін аяқтап, халыққа су береміз деген ойдамын. Яғни 10-нан астам елді-мекенге сапалы ауыз су жеткізіледі.

ИНТЕРШУМ: мердігердің жұмыс барысын түсіндіру

СНХ: СЕРГЕЙ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕТАУГИДРОГЕОЛОГИЯ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгінгі таңда 3,2 шақырым құбырлар жерге төселді. Тағы 800 метр қазып қойдық. Жақын арада 4 шақырым аяқталады.

РКС: Еске сала кетейік, ресми түрде 2-ші маусымнан бері «Нұра» топтық су құбырынан ұзақ уақыт бойы ауыз судың болмауына байланысты ауданда төтенше жағдай жарияланған.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, КӨКШЕ АҚПАРАТ