ДИКТОР: Мәжіліс депутаты Айна Мүсірәлімова медицина қызметкерлерімен кездесіп, облыс орталығындағы бірқатар денсаулық сақтау мекемелерін аралады. Сондай-ақ, депутат жұқпалы аурулар бөліміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан облыстық балалар ауруханасында да болды.

РКС: Бүгінде облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Айта кету керек, ғимаратқа 15 жылға жуық жөндеу жасалмаған. Оған республикалық бюджеттен 171 миллион теңге бөлінді.

СНХ: АЙНА МҮСІРӘЛІМОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Облыстық балалар ауруханасы мемлекеттегі ана мен балаға қамқорлық пен көңіл бөлуінің іргетасы мен басым бағыттарының бірі. Сондықтан ерекше назар аудару керек. Жыл сайын денсаулық сақтау жүйесінде балаларға қажетті қаражат бөлінуі тиіс. Өткен жылы іші жұмыстар жүргізілсе, биыл сырты жөнделіп жатыр. Ал келесі жылға бюджеттік өтінім беріліп, техника алынбақ. Сондықтан мен жақсы өзгерістерді байқаймын.

РКС: Ауруханадағы жұқпалы аурулар бөлімшесі гастроэнтерит, ішек ауруларымен, тонзиллитпен, көкжөтелмен, менингитпен және өзге де жұқпалы аурулармен ауыратын балаларға шұғыл көмек көрсетеді. Сондай-ақ, жүйке ауруларына шалдыққан балаларға жан-жақты көмек көрсету мақсатында облыстық балалар ауруханасында екі жылдан бері «Қамқорлық» оңалту орталығы жұмыс істеп тұр.

СНХ: АИДА ЕСІМСЕЙІТОВА, КӨПБЕЙІНДІ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Облыстық балалар ауруханасы 18 жасқа дейінгі балаларға жоспардан тыс шұғыл көмек көрсетеді. Сондай-ақ, бізді балаларға кардиолог, нефролог, эндокринолог, хирург, травматолог, ортопед сияқты арнайы мамандар консультативтік-диагностикалық көмек көрсетеді. Соңғы айларда ревматолог сияқты жаңа мамандар келді. Бұрын бізде болмаған ревматологиялық қызметті дамытамыз. Хирург пен трансфузиолог келді. Алдағы уақытта педиатр, невропатолог келеді.

РКС: Биыл қабылдау бөлімшесіне 30 мыңға жуық бала келген. Айта кету керек, кездесу барысында Айна Мүсірәлімова тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге мұқият болу керектігін атап өтті.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ