ДИКТОР: Елімізде әрбір бесінші оқушы мектепте буллингке ұшырайды. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметі бұл. Қатарластарынан қысым көрген кейбір жасөсіпірімдер арасында өз өзіне қол салған оқиғалар да аз емес.
РКС: 11 жастан 15 жасқа дейінгі әрбір бесінші бала сыныптастарының мазақтары мен қорлауына ұшырайды. Әсіресе мектеп қабырғасында жиі кездеседі. Көптеген дамыған елдерде бұл ұғым бұрыннан заңмен бекітілген. Олардың бағдарламаларына сәйкес жауапкершіліктің басым бөлігі мұғалімдерге жүктеледі.
СНХ: ГҮЛМИРА ОМАРОВА, №19 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Негізінде бұл сөздің синонимі қорлау. Біздің мектепте буллингпен күрес жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Мұғалімдер арнайы курстардан өтеді. Бұл мәселенің алдын-алу үшін түрлі іс-шаралар өткізіледі. Мектепте ондай жағдай орын алған жоқ.
РКС: Мамандардың айтуынша, мектеп қабырғасында кемсітуге душар болған оқушылар көбіне суицидке бейім келеді. Бұл көкейкесті мәселе. Ата-аналармен мектеп ұстаздары дер кезінде алдын алмаса оның аяғы қайғылы оқиғаға әкелуі мүмкін. №19 орта мектептің ұстаздары ашық сабақтар, психологиялық тренингтерді үнемі өткізіп отырады.
СНХ: САЙРАН БЕЙСЕМБАЕВА, №19 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГЫ: Қорқыту зорлық-зомбылықтың бір түрі.Физикалық және психикалық түрде бала әлсіздерді мазақ ету, қорлау арқылы ләззат алады. Біздің мектептегі бұл мәселе қатты алаңдатады. Сондықтан сынып жетекшілер оқушылармен жеке жұмыс жүргізеді.
РКС: Кейіпкеріміз Милана Петрова сыныптастарының тарапынан жәбір көрген. Қазір жасы 24-те. Жасөспірімді әлі күнге дейін жағымсыз естеліктер мазалайды.Бірақ өзінің аты-жөнін жасырып қалуды жөн көрді.
СНХ: МИЛАНА ПЕТРОВА (ЕСІМІ ӨЗГЕРТІЛГЕН) БУЛЛИНГ ҚҰРБАНЫ: Мен кейде сол күндерді қорқынышпен еске аламын. Менімен бірге оқитын қыз барлық сыныпты маған қарсы қоятын. Күнде таңертен оянғанда мектепке барғым келмейтін. Әлі күнге дейін өз пікірімді ашық айтудан қорқамын. Барлығы маған қарсы шығыатын сияқты болып көрінеді.
РКС: Президент жасөспірімдерді тәрбиелеу мәселесін бірнеше рет көтерді. Осылайша балалар омбудсменінің мәртебесі көтерілді. Білім министрлігі балалар буллингінің алдын алу ережелерін бекітті. Енді жәбірленушілер немесе олардың ата-аналары аймақтардағы комиссарлардың көмегіне жүгіне алады. Ақмола облысында буллингтің алдын алу жұмыстары тұрақты негізде жүргізілуде.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЭДУАРД ПОГРЕБЕЦКИЙ, АЛИШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ