ДИКТОР: Бұланды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде ауыр атлетика үйірмесінің ашылып жұмыс істеп жатқанына 10 жылдан асты. Бүгіндері өңірдің зіл темір көтеруші жасөспірімдері облыстық, республикалық жарыстарға жарқырап көрініп жүр.
РКС: Балалар спорт мектебінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ауыр атлеттер жергілікті мәдениет үйінің спорт залында жаттығуда. Спорттық биікке ұмтылған өрендер үшін бұл уақытша қиындық кедергі келтірген жоқ.
СНХ: МАРАТ МӘЛІКОВ, БАПКЕР: 10 жылдың ішінде шәкірттерім біраз спорттық жетістікті бағындырды. Сан мәрте облыстық жарыстарға қатысып жеңімпаз атандық. Жаңа оқу жылында командаға бірнеше талапкер қосылды. Олардың да талпынысы көңілге қуаныш ұялатады.
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Аянбай маңдай тер төккен Андрей Коломицев әр жарыс сайын шындалып келеді...
ИНТЕРШУМ
СНХ: АНДРЕЙ КОЛОМЫЦЕВ, СПОРТ ШЕБЕРІНЕ ҮМІТКЕР: Мені ауыр атлетикаға атам алып келді. Спорттың осы қиын түрі көңілімнен шықты. Алғашқы күннен бастап жаттығуды босатқан жоқпын. Бапкердің айтқан ақыл-кеңесі мені спорттық нәтижелерге жеткізді. Алда облыстық жарыс күтіп тұр. Соған дайындалып жатырмын.
РКС: Бұла күштері бұлқынған Бұланды ауданының ауыр атлеттері зілтемір көтерудің қыр-сырын жете меңгеріп, спорттық шындарды бағындыруда.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ӘЛІШЕР ШӘКУБАЕВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ