ДИКТОР: Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған салтанатты шарада облыс әкімі Марат Ахметжанов өңірдің тіл жанашырларын марапаттады. Сондай-ақ республикалық, облыстық конкурстардың жеңімпаздарына Алғыс хат пен диплом табыстады.

РКС: Бұл облыстағы Қазақстан халқы тілдері күнін атап өту онкүндігінің қорытынды жиыны. Басқосуда Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен 20-ға жуық тіл жанашыры марапатталды. Тағы 10 шақты тұлға "Тіл жанашыры" сыйлығының иегері атанды. Одан қалды республикалық, облыстық конкурстардың жеңімпаздарына да құрмет көрсетілді.

СНХ: МАРАХ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әрқашанда осындай білімді, жанжақты дамыған толық адам дейміз ғой бүгінгі ұғым сондай мемлекеттің патриоты болып, еліміздің жанашыры болсын,. Өйткені әрбір жерге барғанда білімді қазақ баласы, Қазақстан азаматы өзге елге барғанда сүйіспеншілікпен қарайтын жағдай болу керек...

РКС: Биыл облыс бойынша мектепке дейінгі мекемелерде қазақ топтарында тәрбиеленетін бүлдіршіндер көрсеткіші 78 процентке жеткен. Соңғы 3 жылда тілді оқыту курстарының тыңдаушылары 51, мемлекеттік қызметкерлердің үлесі 54 процентке жетті. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, ана тілімізді дамыту бағытында өңірдегі бизнес өкілдері мен қызмет көрсету саласының мамандары да айтарлықтай үлес қосуда,- делінді басқосуда.

СНХ: СЕРІК НЕГИМОВ, ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: Құрметті Көкше жерінің азаматтары, құрметті қауым! Баршаңызды тіл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Бүгінгі тіл мерекесінің осынша кең көлемде аталып өтіп жатқаны біз үшін үлкен қуаныш.

РКС: Салтанатты шараға арнайы келген халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Матыжанов жиналғандарды тіл мерекесімен құттықтап, елімізде алдағы уақытта тілді дамыту бағытында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.

ИНТЕРШУМ: концерттен үзінді

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ КӨКШЕ АҚПАРАТ