ДИКТОР: Ақмола облысындағы екі ауылдың оқушылары биыл да жаңа оқужылын орман шаруашылығының кеңсесінде бастады. Себебі, елдімекендегі жалғыз мектеп төрт жылбұрын апатты деп танылған. Жергілікті билік мәселені уақытша шешіп, білім алушыларды басқа ғимаратқа көшірген. Алайда, арада жылдар өтсе де, оқушылар әлі күнге дейін тар кеңседе сабақ оқуға мәжбүр. Тілшілер де бұл мәселені бірнеше рет көтерген. Дегенмен, ауыл балаларына биылберілуітиісболғанжаңа мектептің құрылысы әлі аяқталар емес.
КСМ: Қазір бұл мектепте 60-қа жуық оқушы білім алады. Көрші Қарағай ауылынан қатынап оқитындар да бар. Кеңсе ретінде салынған ғимаратта асхана мен спорт залының жоқтығы былай тұрсын, балалар аядай ғана тар бөлмеде сабақ оқып отыр. Парта мен тақтаның арасы бір адым. Бөлме жетіспегендіктен пәндік зертханалық жұмыстар да талапқа сай жүргізілмейді.
СНХ: МӘДИНА СӘДУАҚАСОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Біздің балалардың не оқитын жері жоқ, не ойнайтын жері жоқ. Мектеп салынып жатыр. Бірақ ол бір ай салынады, бір ай салынбайды.
КСМ: Апатты деп танылған мектеп 1989 жылы бой көтерген. Білім ошағы ылғалды жерге түскен. Іргетасының ұзаққа шыдамауының себебі де сол,-дейді тұрғындар. Бірнеше жыл бұрын жергілікті билік ғимаратты тендер арқылы жеке кәсіпкерге сатып жіберген. Енді ол оны бұзудан бас тартып, аудан әкімдігімен соттасып жатыр.
STAND-UP: ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА ТІЛШІ: Құлағалы тұрған үш қабатты бұл ғимаратта 34 жыл бойы ауыл балалары білім алған. Қазір іргетасы отырып, қабырғалары жарылып кеткен. Сондықтан білім ошағы осыдан төрт жыл бұрын апатты деп танылған.
КСМ: Қазір ауылда бірде-бір әлеуметтік нысан жоқ. Мәдени-спорттық шаралар өткізілмейді. Тіпті, ойын алаңы да салынбаған.
СНХ: БОТАГӨЗ ЖАКҮПОВА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: Балалар жолда ойнайды. Машинаның қасында ойнайды. Ертең мынау зданияның қасына да келеді. Зданияның қасындағы мынау алаң үш-төрт күн болды сынды. Сол ертең бір бала мерт болса, кім оған жауап береді?
КСМ: Ауылға жаңа мектеп салынады дегенде бөркін аспанға атқан ел-жұрттың қуанышы арада біржыл өткенде су сепкендей басылды. Өйткені, білім ордасының құрылысы жаз бойы тоқтап қалған. Нысан жоспар бойынша биыл пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда, құрылыс материалдары қымбаттап, жұмыс тұралап қалған көрінеді.
СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Негізі балаларды сол Макинск қаласындағы типтік мектепке оқытуға мүмкіншілік бар. Бірақ та сол ауылдың тұрғындары қарсы болып, балаларды сол биылғы жылы да орман шаруашылығының ғимаратында оқу процесі жалғасып жатыр.
КСМ: Биыл пайдалануға берілуі тиіс болған мектептің әлі шатыры да жоқ. Екінші қабаты енді салынып жатыр. Дегенмен, жергілікті билік құрылыс келер жылы толығымен аяқталады,-деп сендіріп отыр.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ