ДИКТОР: Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жобалардың бірі, өнертапқыш иесі Ақайдар Дайыров су электр станциясының жаңа түрін ойлап тапқан. Патенттелген жоба Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ғалымдарының ғылыми-техникалық кеңесінде талқыланып, тәжірибеден өткен. Жоба Атбасар ауданына қарасты, Сергеевка ауылының су электр станциясында алғаш рет сыналған.

РКС: Солтүстік өңірдің тумасы Ақайдар Дайыровтың мамандығы құрылысшы. Жастайынан жаңа дүниені ойлап табуға, түрлі техника мен құрылғыны дамытып жетілдіруге құмар. Өзінің авторлық 4 жобасы бар. Соның бірі су электр станциясының жаңа түрі. Ол тәжірибелік сынақтан өтуде. Электр станцияларының табиғи ресурсынан алынып жатқан қуаттан кем дегенде 5 есе көп алуға болатынын дәлелдеген.

СНХ: АҚАЙДАР ДАЙЫРОВ, ЖОБА АВТОРЫ: Бүкіл әлемде мына, гидроэлектр станциялары кинетический энергия дейді, судың итеру күшімен жұмыс істейді. Ал енді мен ойлап тауып отырған күш, ол жердің тартылыс күші. Яғни, осы кинетикалық энергияны мен механикалық энергияға ауыстырып отырмын. Оның себебі, осы кинетикалық энергияның механикалық энергияға қарағанда пайдасы аз.

РКС: Адамзаттың энергетикалық қажеттілігі үздіксіз артып келеді. Ғаламшарда электр энергиясын өндіру және тұтыну орташа есеппен әрбір 10-15 жыл сайын 2 еселенеді. Бүгінгі таңда көптеген елдерде, соның ішінде елімізде де негізгі қуат көзі-көмір. Ал оның қоры шектелген және ол қопарылып алынған пайдалы қазбаның орны қусырып тұрады. Жанған көмірден бөлінген газ бен шыққан қалдық биосфера қабатын ластауда.

СНХ: АҚАЙДАР ДАЙЫРОВ, ЖОБА АВТОРЫ: Дүние жүзі осы энергетикаға мұқтаж. Қазақстанның өзі міне атом энергия станциясын салғысы келіп жатыр. Қазір елде кем дегенде 5 есе энергия күші жетпейді. Біздің алып жатқан жарығымыз 70 пайыз көмірден алынады. Ал, ол экология үшін өте зиянды. Түбінде оны тоқтатып тастауы мүмкін. Сондықтан менің ұсынып отырған ұсынысым. Бұл таза энергия. С у арқылы алынатын. Осы жұмысқа біздің мемлекет көңіл аударып тиісті мамандар осыған қолдау білдіру керек деп ойлаймын. Бұл ғылыми заңдылықтарға негізделген.

РКС: Жоба 2017 жылы ЭКСПО халықаралық көрмесіне қабылданған. Дегенмен, сол уақыттан бері жоба шаң басып жатыр. Ғылыми тұрғыдан дәлелденген жоба өз қолдаушысын таппай тұр. Экономика саласына оң әсер ететін жүйе тиісті бағасын алмаған сияқты. Жоба авторы 70-ке аяқ басса да, әлі де еліме қызмет етіп, пайдам тисе деген ниетте.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ. КӨКШЕ АҚПАРАТ