ДИКТОР: Еліміз бойынша жол құрылысы мен оның сапасына қатысты мәселе өзекті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында осылай деді. Көлік министрлігі қайта құрылды. Жаңа саланың алдында зор міндет тұр. Ақмола облысында жыл басынан бері 600 шақырым жол жөндеуден өтті. Келер жылы республикалық және аудандық маңызы бар 1 мың шақырымға жуық жолды жөндеу міндеті тұр.

ИНФОГРАФИКА:

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешімін таппай отыр. Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек.

СНХ: ТАЛҒАТ ҚАЙРАТХАН, «ЖОЛ АКТИВТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ САПА ОРТАЛЫҒЫ» АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Көлік тасымалдайтын және темір, авиа жолдарды жеке шығарып отыр. Бұл дұрыс шешім деген ойдамыз. Себебі, соңғы кездері жолдың сапасына халықтан шағымдар түсіп жатыр. Әсіресе, көктем уақытанда. Қар еріген кезде асфальт жабындысы бірге еріп жатыр деген көптеген шағым түсіп жатыр. Сол бағытта арнайы министерство құрылғанына өте қуаныштымыз! Жол саласы еліміздің экономикасының күре тамыры. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, 2029 жылға дейін 4 мың шақырым күрделі жөндеуден өтеді. Бұл өте көлемді жұмыс. Көптеген қаражатты қажет етеді және уақытты да қажет етеді. Сондықтан, дұрыс мердігерлердің және де дұрыс тапсырыс берушілердің жұмыс жасауын, ұлттық сапа орталығының тарапынан алға қойған мақсатымызға жетуге тырысамыз. Барлық жұмыстарды атқаруға міндеттіміз. Тағы бір мәселені айта кету керек. Проблемалық факторлар бар. Жолдың сапасын бұзушылыққа әкелетін бұл жүк көлік тасымалдау көліктері.