ДИКТОР: Жаңа оқу жылында Бұланды аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс үйірмесіне 20-дан астам балалар жазылып, жаттығу жасап жатыр. Қолғапты енді ғана киген өрендер үлкен ағаларынан өнеге алып, бокс биігіне көтерілуді армандайды.

РКС:Бокс залына қызыға кіріп, маңдай тер төгіп, жаттығып жатқан әр баланың арманы асқақ. Олар бапкердің тапсырмасын тиянақты орындап, бокс әліппесін зейін қоя үйренуде. Сол сияқты тәжірбиелі спортшылардан үлгі алып жүр.

СНХ: МАРАЛБЕК ТАСҚАН, БОКСШЫ: Мен спорттың осынау қиын да қызықты түрімен тұрақты айналысып, біраз жетістікке кенелдім. Аудан және облыс чемпионы атандым. бапкерімнің ақыл кеңесін бұлжытпай орындаймын. Жаттығуды ешқашан босатқан емеспін.

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: Шаршы алаңда ақ тер көк тер болып жаттығып жатқан балалар саны артып келеді. /

СНХ: АРЫСЛАНБЕК ОРАЗБЕКОВ, БАПКЕР: Жалпы біздің мектепте бокспен бүгіндері 40-қа жуық бала айналысады. Жаңадан келгендер саны да биыл да көп. Шәкірттерім жылдан жылға шеберлігін жетілдіруде. Степногорск қаласындағы спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта да бірнеше шәкіртім оқып жаттығып жүр.

РКС: Бұландылық боксшылар бұл күндері Қорғалжын ауылында өтетін дәстүрлі турнирге дайындық үстінде. Жаттығу кеңейтілген бағдарлама бойынша өтуде.

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ