ДИКТОР: Облыс орталығындағы емханалардың бірінде қант диабетімен ауыратындарға арналған қант диабеті бөлімшесі жұмысын бастады. Мамандар мақсатты түрде аурудың салдарымен күреседі.

РКС: «Viamedis» медициналық орталығында қант диабетімен ауыратын 2 мыңнан аса пациент тіркеуде тұр. Мамандардың айтуынша, мамандандырылған бөлімше қант диабеті асқынуының алдын алады.

СНХ: АҚНИЕТ ҚАЛИЕВА, ЭНДОКРИНОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біз білетін, қант диабетімен ауратын адамдардың көбісі аятың апутациясы аруымен көп шағымданады. Бұл апутацияның алдын-алу үшін диабеттік участікте диабеттік табан кабинетін ашқан болатын. Бұл кабинетте хирург пен менбике диабеттік табанның жараларын емдеумен айналысады. Осы жаралардың емдеуімен байланысты қан диабетінің асқынуын біз төмендете аламыз.

РКС: Диабеттік бөлімшенің жаңашылдығы- глюкоза деңгейін үздіксіз бақылайтын құрылғы бар. Ол әр 5 минут сайын қандағы қант деңгейін өлшеу үшін адам терісінің астына орналастырылады. Науқастың көрсеткіштеріне сүйене отырып, дәрігер жеке-дара емдеуді ұсынады.

СНХ: АЛЕКСАНДР ТИМОФЕЕВ, ҚАНТ ДИАБЕТІ УЧАСКЕСІНІҢ ПАЦИЕНТІ: Сәуір айының соңында бір саусағым жазылды. Бұрын-соңды ауырған емеспін. Сырқатымды білген сәттен бірден осы учаскеге келдім. Телефон арқылы шақырады. Содан соң мен қабылдауға келемін. Астана қаласынан эндокринолог дәрігер келеді. Хирург пен медбике қабылдап, шақырып бәрін тазалап отырады.

СНХ: АСХАТ ИМАНБЕРДИНОВ, ҚАНТ ДИАБЕТІ УЧАСКЕСІНІҢ ПАЦИЕНТІ: Ең алдымен хирургке алғысымды білдіремін. Эндокринолог дәрігер маған аз жүру керектігін айтты. Тез сауығуым үшін маған түсіндіріп, суреттерді көрсетіп аз жүруімді сұрады.

РКС: Стресс, дұрыс тамақтанбау және жиі қозғалыстың болмауы қант диабетіне шалдығудың басты факторлары. Жыл сайын мұндай диагнозбен ауыратындар саны артып келеді,-дейді дәрігерлер. Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте Қазақстан бойынша емханаларға тегін тіркелу науқаны басталады. Оның аясында тұрғындар медициналық көмек алатын емхананы таңдайды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБУЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ