ДИКТОР: "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының бастау алғанына биыл 10 жыл. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов "Мерейлі отбасы" республикалық байқауы облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Үлгілі, үздік деп танылған отбасыларға диплом және ақшалай сыйлықтар табысталды.

РКС: Облыс бойынша "Мерейлі отбасы" байқауына 100-ге жуық өтінім келіп түскен. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының мәртебесін арттыру, қазақ халқының отбасылық тәрбиесін ұлттық құндылық ретінде жандандыру мақсатындағы сайыстың бүгінгі марапатына үздік деп танылған 7 жанұя қатысты.

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті жиналған қауым, байқауға қатысушы отбасылар! Барлықтарыңызды отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ халқы үшін Отбасы қасиетті, қастерлі ұғым. Отбасы адамзат баласы жер беріне шыр етіп дүниеге келгеннен есігін айқара ашып, кіретін үйі. өсіп ер жетіп, тәрбие алатын аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі. Данышпанның да ғалымның да ең алғашқы тәлім тәрбиесі осы үйден басталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында отбасы құндылықтарын нығайту жолына ерекше назар аударды.

РКС: Ыбырай-Бибісара Қазанғаповтар отбасы Қосшы қаласының тұрғындары. 6 бала тәрбиелеп өсірген. Бәрі отбасын құрған. Бүгінде ұл-қызынан 19 немере сүйіп отырған үлгілі отбасы. Бұл жанұя жақында Қазақстанның әр өңірінен үздік деп танылған отбасылар қатысқан ұлттық "Мерейлі отбасы" байқауында лауреат атанды.

 СНХ: ЫБЫРАЙ ҚАЗАНҒАПОВ, "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Біз екеуміздің отасып, үй болғанымызға мінекей 44 жыл. Адамның осылай өсіп-өнуі, семьяны сақтап қалуы өзіне байланысты. Ең бірінші мәселе сабырлық керек, ауызбіршілік керек, әруақытта қандай жағдай болмасын ақылдасып отырып, ортақ шешімге келу керек. сондай жағдайда ұрыс ешқандай келіспеушілік деген болмайды.

ИНТЕРШУМ: Облыс әкімі жеңімпаз отбасын марапаттады

РКС: Салтанатты шарада байқаудың бас жүлдесін Қазанғаповтар отбасы жеңіп алса, бірінші орын Біржан сал ауданынан қатысқан Күсеп Сатыбалдиновтың отбасына бұйырды. Екінші орын зеренділік Қуанышбек Әлібайұлының жанұясына берілді. Жүлделі үшінші орынды Қосшы қаласынан Якуб Мәулеттің отбасы иеленді. Барлық жанұялар диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

ИНТЕРШУМ: өлең айтады

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ