ДИКТОР: Облыс прокурорлары түрлі жобаларды іске асыратын инвесторлармен кездесті. Осы жылдан бастап ведомство маңызды инвестициялық жобаларды және оған қатысты барлық процесті бақылау мен ілгерілету тапсырылған. Кездесуде өңірдің инвестициялық ахуалына қатысты өзекті мәселелермен қатар жақсарту жолдары жан-жақты талқыланды.
РКС: Енді әрбір маңызды инвестициялық жобаны ілгерілету үшін прокуратура қызметкерлері бекітіледі. Бұл инвестицияларды тарту жұмысының тиімділігін арттыруға септігін тигізбек. Сонымен қатар шетелдік кәсіпкерлер жобаларының қауіпсіздігіне кепілдік беруге, және осы саладағы климаттың жақсаруына ықпал етеді.
СНХ: АЙДОС МАЙЛЫБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ: Осы кездесу облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастық арасында сенімгерлік байланыс орнатудың бірінші кезеңі. Президент өз сөзінде - егер бизнес өз міндеттемелерін орындап, мақсаттарға қол жеткізсе, онда бірде-бір тексеруші оған жобаны іске асыру кезеңінде де, одан кейін де жақындамауы тиіс екенін анық айтқан. Біз де осы қағиданы ұстанамыз.
РКС: Жыл басынан бері өңірге 443 млрд.теңге инвестиция тартылды. Сондай-ақ, жеке инвесторлар 64 жобаны іске қосты.
СНХ: АЗАМАТ ТАЙЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз кәсіпкерлікті дамытуға мүдделіміз. Осы бағытта біраз шаруа атқарылып жатыр. Биыл шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 64 мыңға жуықтады. Жыл соңына дейін 178 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оған қосымша 130 млрд.теңге қаржы тартылады. Осы кәсіпорындарда 3 мыңға тарта жұмыс орнын ашу да жоспарланып отыр.
РКС: Кездесу барысында бизнес қауымдастыққа кедергі келтіріп отырған өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
ИНТЕРШУМ: инвестордың сұрағы
РКС: Ведомство өңірде фронт-кеңсе ашылғанын атап өтті. Оның міндетіне инвесторлардың бұзылған құқықтарын қорғау және уақытылы қалпына келтіру кіреді. Сондай-ақ консультациялық-құқықтық қолдау, мәселелерді шешуге жәрдемдесу, іс-әрекетті алға жылжыту мен өзекті кейстерді тыңдау фронт-кеңсенің көздегені.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ