ДИКТОР: Қыркүйекпен қатар келген күздің қара суығы тұрғындарды әбігерге салды. Өңірдің басым бөлігінде ауа райы күрт суытып кетті. Оған қоса 10 күннен аса толассыз жаңбыр жауды.
РКС: Алдағы уақытта өңірде атмосфералық ағымдар ықпалынан аймақтың кейбір жерлерінде жауын-шашын болуы мүмкін.Аз ғана уақыт күн жылынып, оның артынан қайтадан суық ауа райы келеді.
СНХ: САЛТАНАТ ОҢАЙБАЕВА, «КАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ: Алдағы күндері жауын-шашын жауады.Жел күшейіп,бұршақ болуы мүмкін. Кей жерлерде найзағай қатты болады. Ауа температурасы түнде 6-8,ал күндіз 17 градусқа дейін жылынады.
РКС: Алдағы үш күнде солтүстік аудандарда таңертең ауа температурасы 0 градус шамасында өзгеруі мүмкін. Қазгидромет мамандарының айтуынша, келесі аптадан бастап күн жылынады.