РКС: Ақмола облысында есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №4 мектеп-интернаты және жан-жақты дамытуға арналған колледждер бар. Сурда мұғалімдер студенттермен жұмыс істейді, олар мектептегі және колледждердегі білім беру бағдарламалары бойынша барлық қажетті ақпаратты жеткізеді. Өңірде барлығы 160-қа жуық ерекше бала бар. Мектеп-интернат мұғалімдері өз оқушыларын қадағалап, олардың тек мектепте ғана емес, кәсіби іс-әрекеттерінде де өзін-өзі танытуына көмектеседі.
СНХ: ЖАНДӘУЛЕТ ХАИРОВ, №4 МЕКТЕБ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Біз жыл сайын түлектер арасында болашақта өздеріне мамандық таңдау үшін экскурсиялар өткіземіз. Сынып жетекшілері сынып сағаттарын кәсіби бағдарда өткізеді. Одан кейін экскурсиялар жүргізіледі, біз қаламыздағы Арна колледжіне, Жоғары техникалық колледжге, құрылыс-технологиялық колледждерге барамыз. Біздің студенттер оқуға болатын мамандықтарды таңдайды. Есту қабілеті нашар болғандықтан осы колледждерді таңдай алады.
РКС: Мектеп оқушыларының тәрбиесіне мұқият қарайды. Мектепті аяқтаған соң 5 жыл ішінде мектеп кеңесі оқушылардың қайда жұмыс істейтінін, қайда оқуға түскенін бақылайды. Мектеп оқушылары дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, компьютерлік технология, сәндік-қолданбалы өнер, веб-дизайн факультетіне оқуға бара алады.
СНХ: МӘРИЯМ НҰРАХМЕТОВА, ЖОҒАРЫ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДІ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Біздің колледжде ерекше білім беруді қажет ететін 59 студент оқиды. Оның ішінде 10 бала арнайы топта оқиды. 2021 жылы Көкшетау қаласындағы №4 түзету мектеп-интернатының балалар тобы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2023-2024 жылдары веб-дизайн бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша тағы бір арнайы топ ұйымдастырылды. Жігіттер 2 біліктілікке ие болады. Біріншісі – веб-дизайн, екіншісі – ақпараттық жүйелер технологиясы. Балаларға барлық жағдай жасалған, теориялық және практикалық сабақтар толықтай жабдықталған.
РКС: Педагог-психологтар облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның мамандарымен жұмыс істейді. Студенттермен бірлесіп іс-шаралар өткізеді. Колледж инклюзивті білім беру саласында жұмыс істейтін барлық мамандармен тығыз байланыста.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ