ДИКТОР: Қосшы қаласында елімізде аналогы жоқ, 1500 орындық жаңа мектеп-гимназиясының салтанатты ашылуы өтті. Жоба «Болат Өтемұратов қорының» жеке инвестициялары есебі мен «Верный Капитал» компаниясымен бірлесе жүзеге асты. Аталмыш білім ордасы Қосшы қаласының білім бөліміне табысталды. Нақтырақ тілшінің материалында.
ИНТЕРШУМ: алғашқы қоңырау
РКС: Жаңа мектепте 2 ауысымда қазақ және орыс тілдерінде 1 мыңнан астам оқушы білім алады. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен және оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар, оқу ордасының маңыздылығын атап өтті.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Облысымыздың маңызды мәселелердің бірі 3 аукысымды оқыту. Осындай жүйе Қосшы қаласының тәжіребиесінде болған. Бүгін 5400 орындық 2 жаңа мектептің ашылуының арқасында, біз бұл мәселені толығымен шештік. Құрметті оқушылар! Сіздер үздік оқумен, байқауларға, олимпиадаларға қатысумен, ғылыми жаңалықтармен, шығармашылық және спорттағы жетістіктермен мектептің жоғары мәртебесін қолдайтындарыңызға үміттенемін.
РКС: Қонақтар үшін мектеп ішінде экскурсия ұйымдастырылды. Қазіргі заманғы материалдық-техникалық базасы бар 3 қабатты оқу орнында, 56 оқу және 19 арнайы кабинет орналасқан. Мұнда 2 спорт залы, кең асхана және медициналық кабинет бар.
СНХ: ЭЛЬДАНА ЖАРАСПАЕВА, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Мен 11А-сынып оқушысымын. Бұл мектептен жақсы әсер алдым. Бәрі егжей-тегжейлі әрі ойластырылып жасалған. Бұл біз үшін үлкен жаңалық. Себебі, біз ешқандай мүмкіндігі жоқ ескі мектепте оқыдық. Ал мұнда әр ұсақ-түйекке дейін бәрі бар.
СНХ: НҰРАЙЛЫМ РАХМЕТ, МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ: Бұған дейін біз № 2-ші мектепте, оқушылар көп болғандықтан, 3 ауысым бойынша сабақ оқыдық. Сабақтар қысқарды, негізінен 5 сабақтан болды. Сондай-ақ, 6 күн болды. Енді барлық сабақтар толық өткізіліп, аптасына 5 күн оқи бастаймыз деп ойлаймын.
РКС: Биыл жыл соңына дейін облыс бойынша 1800 орындық қосымша 8 білім беру мекемесін ашу жоспарлануда.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ