ДИКТОР: 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. Кеңес одағы 40 жыл ішінде полигонда ядролық қарудың кем дегенде 468 сынағын өткізген. Бүгін полигонның жабылғанына 32 жыл.
РКС: Семей полигоны бірнеше аймаққа бөлінген. Олар: Курчатов қаласында орналасқан әкімшілік-тұрмыстық аумақ, зертхана қалашығы және радиусы 10 шақырымға жететін "сынақ даласы". Сондай-ақ, "Дегелен", "Балапан", "Телкем" секілді бөлімдері болды. Байтас Жүнісов 1974 жылы «Балапан» бөліміне әскерге аттанған болатын.
СНХ: БАЙТАС ЖҮНІСОВ, СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРІ: 1974 жылы әскер қатарына Көкшетау военкоматынан шақырылдым. Аягөз қаласына аттандым. 2 ай служитаған 36 адаммен ядролық полигон «Балапан» деген жерге түстім. Сонда қызметімді атқардым. 2 ай әскер қатарында болған жігіттер байқаусызда радияцияны жұтып қойып 9 жігітті госпитальға жатқызып, кейін еліне қайтардым. Өзімде 2 рет госпитальға жатып шықтым. Сынақ полигоны өте ауыр әсте, өте қиын әсте. Жалғыз бір жерге емес, бүкіл жерге тарайтын әсте. Бұдан былай осындай сынақ болмасын. Елімізге тиыштық, бүкіл дүниежүзілікке Алла тиыштық берсін! Аруақтай еліміз аман, басымыз бүтін болсын. Жастарымыз бақытты болсын!
РКС: Ядролық қарудан бас тарту идеясын алғаш болып біздің ел қолдаған. Қазақстан – ядролық қарудан ерікті түрде бас тартқан әлемдегі алғашқы әрі жалғыз мемлекет. Толық қарусыздандыруға алғаш қадамдар Лиссабондық келісім-шартқа қол қоюдан және Семей полигонын жабудан басталды.
СНХ: МҰРАТБЕК БАЛҒАБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ «СЕМЕЙ-НЕВАДА» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Семей полигонында 2 жыл әскерде болдым. Әскерде не болғанын сұрайды. Біз жауап беруге қиналамыз. Неге десеңіздер? Ондайды ешкімге тілемеймін. Ондай болмағаны артық. Ондай жерден көп адамдар келмеді. Біз солдат болдық. Үкімет не айтты, соны істедік. Не маска киген жоқпыз. Сол жерден өзім білетін көп солдаттар үйге оралмады. Сол жақта қайтты. Келешек ұрпақтарға тілейтінім ондай болмасын! Жақсылық болсын! Келешегіміз жақсы болады! Оны анық білемін. Жаман жерде, секретный воискада болғанда. Осы өмір қалай болатынын оқыдық. Ол көзімізше болып келеді. Ол кезде сенбедік! Енді келешекте біздің ұрпағымыз жақсы болады!
РКС: Айта кетейік, шет мемлекеттердің полигон аумағында халық тұрмаған. Олар сынақтарын адам тұрмайтын жерлерде жүргізді. Ал Семейде ядролық полигонға іргелес аймақтарда мал шаруашылығымен айналысқан ауылдар болған. Соған қарамастан, түрлі сынақтар жасалды. Сондықтан әлі де зардабын көріп жатқандар бар.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ