ДИКТОР: Зеренді ауданында Жастар ресурстық орталықтарының республикалық слеті өтті. Оған ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысты. Іс-шараға облыстың барлық өңірінен және республикамыздың 3 қаласынан келген топтар жиналған. Толығырақ келесі бейнематериалда.

РКС: Зеренді ауданына жастар саясатын жүзеге асырып, насихаттайтын 150-ге жуық үздік маман жиналды. Олар министрге өз жобаларын таныстырды.

СНХ: ДАНИЯР ЖҮНІСОВ- ШҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін Зеренді ауданының орталығында ауқымды іс-шара өткізілуде. Шараны Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырды. Бұл кездесу жастар ресурстық орталықтарын қолдау мен дамытуға бағытталған. Жастарды қолдау академиясы қажет. Бүгі әр аймақ өз жобаларын қорғайды. Нәтижесінде NEET санатындағы жастарға қолдау көрсетіледі. Ең трендті бағыт-СММ. Кешенді жұмыстың арқасында бүгінгі таңда нәтижелер бар.

РЗК: Айта кетсек, "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН – АДАЛ АЗАМАТ" диалог алаңы Мемлекеттік жастар саясатын дамытуға жәрдемдесу және жастармен жұмыс жөніндегі мамандардың күш-жігері мен тәжірибесін біріктіру мақсатында өткізілуде.

СНХ: ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІ: Әрине мәселелер де аз емес. Осыдан байланысты, біз бүгін осында облыстағы жастар ...

РЗК: Диалог алаңында сұрақ-жауап сессиясы да болды. Қатысушылар министрге сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын айтты. Сауалдардың дені жұмыссыз жастарға қатысты болды. Шара түрлі тренинг, зияткерлік ойындар мен стратегиялық сессиялармен жалғасты. Инновациялық жобаларды ілгерілету, бастамаларды қолдау, мамандарды тарту мен даярлау басым бағыттар болып табылады. Ал Ақмола облысының делегациясы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік" алаңын өткізді.

СНХ: ҚАЙРАТ БАЙМҰЛДИНОВ, ҚР АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЖАСТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ІСТЕРІ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз Қазақстанның түкпір-түкпірінен жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері мен басшыларының слетін өткіземіз. Барлық өңірлерден қызметкерлер келді. Басты мақсат- мемлекеттік жастар саясаты туралы заңға енгізілген түзетулерге байланысты біліктілікті арттыру. Әріптестерімізге жаңа трендтерді, жаңа шындықтарды ескере отырып, жастармен жұмыс істеу үшін скилдерді айтамыз.

РКС: Жастар академиясының жұмысы жастар саясатының өңірлік аспектілері туралы тренингтермен, зияткерлік ойындармен және стратегиялық сессиялармен жалғасын тапты.

САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ