ДИКТОР: Қылшақты өзенінің жағасында қоқыс пен балдыр жинау бойынша кезекті экологиялық акция өтті. Бұл жолы іс-шара халықаралық жастар күніне ойластырған. Акцияға 200-ден астам адам қатысты. Олар жастар ресурстық орталығының еріктілері, қалалық ұйымдардың өкілдері және белсенділер. Толығырақ сюжетте.
РКС: Іс-шара қоршаған орта мен табиғатты күтуге бағытталған. Жинау орны - Қопа көліндегі Қылшақты өзен сағасынан бастап оның жағалауы. Акцияға қатысушылар қатты тұрмыстық қалдықтарды қаптарға жинастырды. Сондай-ақ, жағалаудағы сыртқа шығып жатқан құрғақ өсімдіктерді тазалады.
СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгін бізде Көкшетау қаласында Абай күніне орай тазалық акциясы өз жалғасын табуда . Біз Қылшақты өзенінің жағасында қоқыстарды жинайтын боламыз. Бұл акция жыл сайын өтуде. Экологиялық акция Көкшетау қаласында, аудандарда өзінің жалғасын табатын болады.
СНХ: АҚБОТА МҰХАТБЕКОВА, ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Жалпы эко аксиясының мақсаты ол біраз апталар бойы жалғасуы. Әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері қала жастары шығып, Қопа көлінің жағалауын тазалайды.
РКС: Жағалауларды қоқыстардан тазарту қоршаған ортаны жақсартады және экологияның бүлінбеуіне себепші болады. Қылшақты өзенінің жағасының тазалығы Қопа көлінің жай-күйіне де жағымды әсер етеді. Акцияға қатысушылар тұрғындарды демалыс орындарын қоқыстан тазалауға шақырады. Тазалық жасауға ниет білдірген адамдар облыстағы және аудандарындағы экологиялық акцияларға қосыла алады.
СНХ: ОМАР ШОНАЗАРОВ - ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Халықаралық Жастар күні қарсаңында ішкі саясат басқармасы экологиялық акция ұйымдастырды. Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы мен жастары осы тамаша экологиялық акцияға қатысып, Қылшақты өзенінің бойын тазарттық. Жағалауда қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргіздік.
РКС: Халықаралық Жастар күніне орай Көкшетауда 80-ге жуық іс-шара жоспарланған. Экологиялық акциялардан басқа концерттер, қойылымдар және ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылмақ.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, МЕДЕТ КАЙЫРКЕНОВ, КОКШЕ АКПАРАТ