ДИКТОР: Щучинск қаласында жылу желілерін жаңғырту жүргізіліп жатыр. Құбырларды жаңарту Ремзавод шағын ауданына дейін жүзеге асырылады. Жұмыстар келесі жылы аяқталмақ. Аймақ басшысы жөндеу барысымен танысып, Бурабай ауданының бірқатар нысандарын аралады.
РКС: Алдымен облыс әкімі Щучинск қаласының Октябрьская көшесіндегі жолды қарады. Онда орташа жөндеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта асфальт төселуде. Ұзындығы - 1300 метр.
СНХ: ЕРЛАН БИДАНОВ, БУРАБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл адамдар мен машиналар көп жиналатын жерлерде қозғалысты жеңілдететін жобалар жоспарланған. Мұндай 8 көше бар. Атап айқанда, Октябрьская, Луначарский, Красноармейская көшелері.
РКС: Кейін өңір басшысы №12 қазандыққа барды. Қуаты сағатына 19,5 Гкал. Тұтыншылар саны 2000-нан астам жеке және 80-нен астам заңды тұлғаны құрайды. Бір жылыту маусымына отынға деген қажеттілік - шамамен 5000 тонна мазут. Сұйық отын сатып алу жағдайы туралы облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы баяндады.
СНХ: ДАНИЯР ҚУАНЫШБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жалпы облыс бойынша 53 мыңнан астам өтінім келіп түсті. Оның 22 мыңы Щучинск қаласына, ал 8,5 мыңы Бурабай кентіне беріледі. Өтінім жіберілді, қазір жоспар-кестені күтіп отырмыз. Тамыздың аяғында келуі тиіс.
РКС: Сонымен қатар, шаһарда Ремзавод шағын ауданына дейін жылу желілерін жаңғырту жүріп жатыр. Жалпы ұзындығы 3900 метрден асады. Жұмыстар келесі жылдың қазан айында аяқталмақ.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жоба – екіжылдық. Оны іске асыруды енді ғана бастадық. 2024 жылдың күзінде жұмысты аяқтаймыз. Жылу береміз. Биыл жылу бере алмаймыз.
РКС: Аймақ басшысы №1 мектеп-гимназиясына да барды. Білім беру ұясын күрделі жөндеуге биыл 159 млн. теңге бөлініпті. Мұнда қазір терезелерді ауыстыру, іргетасын нығайту, сыртын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Зеленый бор ауылында облыс әкімі Сарыарқа шағын ауданындағы жолдарды орташа жөндеу барысымен танысты. Мұнда жұмыстар аяқталыпты.
ИНТЕРШУМ
РКС: 2022 жылы облыстық олимпиадалық резервті дайындау орталығының спорт кешенін жөндеу жұмыстары басталды. Бүгінгі таңда желдету құрылғысы орнатылды, су және кәріз құбырлары мен электр жабдықтары ауыстырылды. Сондай-ақ, ауылдағы мәдениет үй де жөнделіп жатыр. Биыл бұл мақсатқа 200 млн. теңге бөлінді. Өңір басшысы жөндеу жұмыстарының мерзімі мен сапасының сақталуына назар аударуды тапсырды.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, ЗАРИНА БЕККАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ