ДИКТОР: Көкшетаудағы Бейбітшілік шағын ауданындағы мәселелер таусылар емес. Тұрғындар жылдар бойы ауданға автобус қатынауын шеше алмай келеді. Арыз шағымдарының нәтижесі жоқ. Бейбітшілік тұрғындары тағы бір мәрте өз сұрақтарын көтеріп, жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесу өткізді.
РКС: Қоғамдық көліктің дұрыс қатынамауы, балалар алаңы мен көшедегі жарықтың жоқтығы. Бұл Көкшетау қаласындағы Бейбітшілік ауданы тұрғындарын алаңдатып отырған өзекті мәселелер.
СНХ: БАЯН ҚҰСАЙЫНОВ, БЕЙБІТШІЛІК ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі жиналған мәселеміз Бейбітшілік микрорайонның проблемасы енді автобус жағы ғой бізде көбі. Басшылық айтып тұр береміз бәрін жібереміз автобустардың бәрін үздіксіз жібереміз деп айтып тұр. Өздерінің ауыздарынан шыққан сөз. Микрорайонда балалар ойнайтын жоқ площадка олардың барлығы жолдың үстінде ойнайды. Көлік жүреді қауіпсіздік жағын қарау керек. Мәселе шешіледі деп ойлаймын жоғарғылар айтты.
РКС: Бұл мәселермен бірнеше көтерілген. Осы жолы кездесуге округ депутаты мен жергілікті атқарушы билік өкілдері келді.
СНХ: НҰРТАС АХАТ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Бейбітшілік тұрғындарының негізгі мәселесі Бейбітшілік кентіндегі Автобус маршруттарының дұрыс сапалы жүру мәселесі. Бұған қалалық комуналдық бөлімінің басшысы келіп отыр. Сосын номер 25-ші маршрут және 6-шы автобус маршруттарының иелері келіп отыр, сондықтан осы жерде конструктивті әңгіме болып отыр. Енді алдағы уақытта осы аптаның ішіндегі жұма күні сағат 10:00 қалалық комуналдық шаруашылық бөлімінде Бейбітшілік кентіндегі болатын мәселелер электро энергиясымен қамтамасыз ету және автобус маршруттарымен қамтамасыз ету мәселесін сол жерде жан-жақты келіссөз жүргізіп барып бекітіп алмақшы. Мәселе осылай шешілді.
РКС: Жиын соңында жергілікті билік өкілдері тұрғындардың мәселесін шешеміз деп сендірді. Бірақ автобустардың жүруіне қатысты сұрақ ашық қалып отыр.
СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі Бейбітшілік шағын ауданы тұрғындарының мәселесі бойынша қоғамдық көліктің қозғалысына қатысты жұма күні кездесу өткіземіз. Ал көшелерді жарықтандыру мәселесін Көкшетау энергия орталығымен бірлесіп шешеміз деп ойлаймыз. 2 көшеге асфальт төселмей қалған, біз бұл мәселені келесі жылға қалдырып отырмыз. Биыл шешілмейді. Биыл 3 көшенің жолын жасадық.
РКС: Халықты әбден шаршатқан мәселенің нүктесін қою үшін басшылық тұрғындармен тағы бір кездесу өткізбек. Осы аптаның соңында нақты шешім қабылдануы мүмкін.
АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ