ДИКТОР: Щучинск қаласындағы «Жаңа тұрмыс 2020» серіктестігінің жұмысшылары бірнеше жылдан бері еңбекақыларын уақытылы ала алмай жүр. Бүгінде заңды айлықтарын тосудан шаршаған жандар кімге жүгінерін білмей отыр.
РКС: «Еңбек етсең емерсің.» Алайда «Жаңа тұрмыс 2020» серіктестігінің жұмысшылары бұл пікірмен келіспек емес. Себебі олар бірнеше жыл бойы заңды еңбекақыларын уақытылы алмай келеді. Кейбіріне, тіпті зейнетақы аударымдары тиісті мөлшерде түспепті. Енді олар құрмет демалысына шыққанда мүлде жұмыс істемеген сияқты боламыз ғой деп қорқып отыр. Солардың бірі Ирина Смирнова. Ол серіктестікте 2006 жылдан бері еңбек етеді. Айтуынша, ол уақытта компания «Термо Транзит» деп аталған.
СНХ: ИРИНА СМИРНОВА, «ЖАҢА ТҰРМЫС» ЖШС ЕСЕПШІ-КАССИРІ: Тек ұйымдардың атауы өзгереді. Ал мәні сол күйде қалады. Мәселен, 2019 жылға дейін ұйым «Термо Транзит» деп аталды. Кейін «Бурабай жылу» болдық. 3 жылдан кейін бұл ауыстырылды. Қазір серіктестік «Жаңа тұрмыс» деп аталады. Басында, әрине, бәрі уақытылы төленіп тұрды. Қазір адамдар 1-2 жылдай еңбекақысын көрмей келеді. Маған келетін болсақ, менде зейнетақы аударымдары төленбепті. Яғни компания маған 250 мың зейнетақы аударымын қарыз.
РКС: Компания Щучинск қаласын жылумен қамтамасыз етеді. Айта кетсек, ұйым банкрот деп жарияланбаған. Тек есепшоты бұғатталып, атауы өзгерген.
СНХ: БАУЫРЖАН АҚЫЛБАЕВ, ЗАҢГЕР: Бүгінгі таңда жұмысшылар жалақыны, зейнетақы жарналарын және медициналық сақтандыруларын ала алмаған. 150-ден астам қызметкер заңды ақшаларын көрмеген. Жалпы, компания қызметкерлеріне 76 млн теңге қарыз. Біз жергілікті атқарушы органдарға жүгіндік. Алайда, мәселе шешімін тапқан жоқ. Еңбек инспекциясына да жүгіндік. Ұйғарым жазылды. Бірақ орындалған жоқ.
РКС: Бурабай аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы зейнетақы аударымдары төленбеуі мүмкін емес дейді. Барлық қаражат аударылады деп сендірді.
СНХ: АРМАН АБЫРАХМАНОВ, БУРАБАЙ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Зейнетақы аударымдары есептелген бірақ алынбаған болса да, төленеді. Биыл аударылмаса, келесі жылы аударылады. Біз кәсіпорын басшығын қарыздарты төлеуг мәжбүрлейміз. Зейнетақы жарналары жай жоғалып кете алмайды. Сондай-ақ, бұл кезеңде қызметкерлер жұмыс істемеген болуы мүмкін емес. Сондықтан еңбек заңнамасы бойынша зейнетақы жарналарын төлемеу жұмыс өтіліне әсер етпейді.
РКС: Сондай-ақ, билік өкілдері мәселе шешімін таппаса, қарызды бюджет есебінен өтейміз деп отыр. Дегенмен, қашан және қалай екені әзірге белгісіз.
САМАЛ ЫСҚАҚОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ