ДИКТОР: 2023 жылдың екінші тоқсанында ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, Қазақстанда орташа жалақысы 365 мың 502 теңге, ал медиандық жалақы 240 мың 779 теңге сомасын құраған. Қазақстан өңірлері арасында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсімі Ұлытау облысында байқалған. Ол 23,8 пайыз мөлшері. Ал, ең төменгі жалақы өсімі Түркістан облысында - 12,2 процент болып белгіленді. Ақмола облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 298 021 теңге болып есептелді.