ДИКТОР: Елімізде әрбір 18 сегізінші отбасы бала сүю бақытын аңсайды. Басты себеп бедеулік пен белсіздік. ЭКО - бедеулікке қарамастан нәрестені дүниеге әкелуге мүмкіндік беретін процедуралар жиынтығы. Ақмола облысы бойынша эко арқылы биыл қанша әйел ана бақытына ие болады? Тілшіміз баяндасын.

РКС: Жасанды ұрықтандыру арқылы бала сүю ең алғаш Қазақстан бойынша 1996 жылы қолға алынған. Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан аумағында 30 мыңнан астам әйел эко арқылы сәбиін бауырына басқан. Бұл процедура Ақмола облысында алғаш рет осыдан төрт жыл бұрын қолға алынды. Сол тұста 27 нәзік жанды ана атаныпты.

СНХ: ӘЙГЕРІМ КӘРІМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Қазақстан бойынша жыл сайын 7 мыңнан астам квота бөлінеді.Мәселен былтырғы жылы Ақмола облысына 276 квота берілген. Оны алудың жолы қандай деген сауал туындауы мүмкін. Ол үшін әр әйел өзінің дәрігер-гинекологына барып есепке тұруы шарт. Денсаулығына байланысты сәби дүниеге әкеле алмайтын болса, тексерілуі қажет. Содан соң барып тегін квота алуы мүмкін.

РКС: Былтыр Ақмола облысына бөлінген тегін квотаның арқасында 111 әйел жүкті болып, 67 сәби дүниеге келді. Биыл 274 квота берілген. Бүгінгі күнге дейін арнайы комиссияның 10-нан астам отырысы өткен. Онда сәбилі болуға ниет еткен әйелдердің өтініштерін қаралуда. Бағдарламаға сәйкес олар қазір емделіп жатыр. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ЭКО процедурасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ерлі зайыптылармен қатар тұрмыс құрмаған нәзік жандыларға қолжетімді.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ