ДИКТОР: «Аqbura bay trail-3» жазғы жарысы Бурабайда осымен үшінші жыл қатарынан өтті. Жылдан-жылға қатысушылар саны артып келеді. Бұл жолғы жарысқа бақтарын сынауға әлемнің түкпір-түкпірнен 700 ден астап спортшы қатысты.

РКС: Трейлраннинг-жеңіл атлетиканың ресми тәртібі, бұл табиғи рельефте жүгіруді меңзейді. Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдің 10 елінен спортшы қатысты. Жүгіру 10, 23 және 49 шақырым қашықтықтағы трейл форматында өтті. Ережеге сай қатысушылар түрлі кедергіден өтіп, бақтарын сынады. Аталған спорттық шара балл жинауға мүмкіндік береді. Ол әлемдік рейтингте бекітіледі.

СНХ:ПАВЕЛ ТЕНЦЕР, ЖАРЫСТЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Бұл іс–шараның басты мақсаты-бұқаралық спорттық іс-шараларды, спорт мәдениетін дамыту. Сонымен бірге ең алдымен ішкі туризмді жандандыру. Ақпанның он тоғызында бірегей Burabay-ice мұзда сырғанау жарысы өтті. Енді міне Aqbura bay trail кросс жарысы өтіп жатыр, ал күзде Зерендіде асфальтпен жүгіру жарысы ұйымдастырылмақ.

РКС: 10 шақырымдық қашықтықты 42 минут 40 секундта Нұрбек Борин жүгіріп өтті. Әйелдер арасында 45 минут 44 секунд нәтижемен Татьяна Нерозняк көшті бастап келді. 23 шақырымдық қашықтықты Ердос Бәйімбетов пен Әсем Назырова бірінші болып бағындырды. 50 шақырымдық жарыста Наиль Башмаков жеңіс туын желбіретті. Мәре сызығын алғаш болып кескендер медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

СНХ:АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АСТАНА ҚАЛАСЫ): Бұл іс-шара үш жыл қатарынан өтіп жатыр.Ең біріншіден Астанадан жиналған бір топ ұйымдастырушылар және Ақмола облысының әкімінің көмегімен өтіп жатыр.Өте қызық іс-шара,биыл қатысушылар өте көп. Бұл іс-шараның ең маңыздылығы Бурабайда тек қана демалып емес,спортпенде айналысып осындай іс-шара өткізгенде қол жеткізген ұйымдастырушыларға көп рахмет.

СНХ:ҒАЛЫМБЕК СҰЛТАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ): Бүгінгі «Аqbura bay trail» жарысына Қостанай қаласынан командамен келдік. Бүгінгі жарыста он шақырым,жиырма үш шақырым,қырық тоғыз шақырым ұйымдастырылған. Біздің команда өте жақсы нәтижелерді көрсетіп жатыр. Бүгінгі жарыстың ерекшелігі басқа жарастардан бұл жерде освальд емес тегіс емес биіктікке көтерілу көп болды.

РКС: «Aqbura bay trail-3» сайысы салауатты өмір салтын насихаттауға, туризмді дамытуға ықпал етпек. Сонымен бірге Табиғат-Ананы аялаудың қадір-қасиетін ұғындыруға да бағытталған. Жарыс аяқталған соң «Плоггинг» акциясы ұйымдастырылды. Жүгіріп жүріп қоқыс жинау шарасы. Нәтижесінде 50 қаптан астам қоқыс жиналды.

АЙЫМГҮЛ НАЗАРОВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ