ДИКТОР: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Жиын барысында 2023 жылға арналған гранттық жобалардағы өзгерістер талқыланып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

РКС: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар беру арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтарға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. Бүгінде еліміздің 7 облысында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ биыл 100-ден астам жоба қамтылды.

СНХ: АРМАН РАҚЫМЖАНОВ, «АЗАМАТТЫҚ БАСТАМАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ» КЕАҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін біз гранттық қаржыландырудың артықшылықтары туралы айттық. Елімізде үш қаржыландыру тетігі бар. Мемлекеттік қаржыландыру – гранттық қаржыландыру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар және сыйлықақылар. Бүгінгі жиында гранттық қаржыландырудың тетігін, оның артықшылығын таныстырдық. Оператор «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» гранттық қаржыландыру саласында атқарған жұмыстары баяндалды.

РКС: Жиын жергілікті атқарушы органдар арасында заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру тетігін түсіндіруге бағытталған.

СНХ: ЖАНДӘУЛЕТ ҚЫЛЫШБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Барлық комитеттермен, мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін бұл ұйымның ерекшелігін таныстырып, түсіндірдік. Өңірімізде қандай жұмыстар жүргізілетінін түсіндірдік.

РКС: Жиын соңында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері сауалдарына жауап алып, өз ұсыныстарын білдірді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ