ДИКТОР: Зеренді ауданына қарасты Ақадыр ауылындағы мектепте ұлттық қолөнер үйірмесі бар. Бұл үйірмеде оқушылар ұлттық қолөнердің қыр-сырын үйреніп қана қоймай, аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүр.

РКС:. Киіз басу - көнеден келе жатқан қазақтың ұлттық қолөнері. Ертеде апаларымыз әнін айтып, киізді білектеп, балалар келіп киізді теуіп жататын болса, бүгін де бұл өнердің жетіліп, түрленіп келе жатқанын аңғаруға болады. Ақадыр ауылында осы бір өнер түріне машықтайтын «Мұрагер» үйірмесі 11 жылдан бері жұмыс істейді. Бұл үйірмедегі қыздар көбінде қазақтың ұлттық өнері киіз басу, ши тоқу, сырмақ тігумен айналысады.

СНХ: АРМАНГҮЛ МӘЛІК, «МҰРАГЕР» ҚОЛӨНЕР ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕКТЕКШІСІ: Біздің үйірмеде негізі 2 топ бар он бес-он бестен. 30 баламен жұмыс жасаймыз. Біздің негізгі мақсатымыз – қазақтың ұлттық қолөнерін осы балаларға дәріптеу, үйрету. Ата-бабамыздан қалған мұра болып келген өнер осы соңғы кезде ұмытылып бара жатқаны бәрімізге анық. Біз осы балалармен жұмыс жасау барысында біз көптеген сайыстарға қатысамыз. Сайысқа қатысу деген ол біздің осы уақытқа дейін алған біліміміздің нәтижесін көрсету. Мысалы, «Оюлар сыры» деген кітабымыз бар. Соңғы кезде біздің балалар өзінің идеясымен жұмыс жасап жүр. Мысалы, бәйтеректі жасады, Қазақстанның картасын жасады. Кьюар кодпен жасап жатыр. Кьюар кодтың ішіне өздері барлық мәліметті кіргізеді. Білгісі келген адам кьар код арқылы оны кім жасады, қалай жасады деген ақпаратты ала алады.

РКС: Оқушылар тазаланып, боялып, сұрыпталған, ұйысуға икемді меринос қой жүнінен түрлі ойыншықтар, суреттер, әр түрлі кәдесыйлар жасай алады. Сонымен қатар киіз басу өнері арқылы жүннен белдемше, көйлек, қолғап, бешпет, тымақ, сәукеле де жасап шығарады.

СНХ: АЯУЛЫМ АЙСИПАТ, ҮЙІРМЕ МҮШЕСІ: Мен осы үйірмеде 5-6 жыл көлемінде жұмыс жасап келе жатырмын. Бұл үйірменің маған бергені көп, себебі, біз қыз бала болғандықтан көп нәрсе жасауымыз керек, көп нәрсе үйренуіміз керек. Біз осы үйірмеге келіп, жүн басу, инемен жұмыс жасау, жалпы көптеген жұмыстарды үйреніп жатырмыз. Бұл үйірме арқылы біз көптеген конкурстарға қатысып, мысалы, осы жылы үздік оқушы атандым.

РКС: Киіз басу өнері ылғалды және құрғақ әдіске бөлінеді. Үйірмеге 1-2 жыл қатысатын оқушылар құрғақ әдіспен жұмыс жасайды. Құрғақ әдісте олар ине мен паролонды пайдалану арқылы түрлі бұйымдар жасап шығарады. Ал ылғалды әдіс ол көп төзімділікті, ептілікті қажет ететіндіктен, онымен 3-5 жыл аралығында жұмыс істеп жатқан балалар айналысады. Олар суреттер, кәдесыйлар және киімдер жасаудың шеберлігін меңгереді.

СНХ: АЙЛИН КУЧУМОВА, ҮЙІРМЕ МҮШЕСІ: Мен қолөнер үйірмесіне қатысып отырғаныма екі жыл. Мен осы екі жылдың ішінде көптеген жетістіктерге жеттім. Мысалы, мен осындай керемет ойыншықтарды жасай аламын. Еркін жасай аламын. Мен осындай ойыншықтарды жүн арқылы жасай аламын. Бұл ойыншықтарды оңай жасау, мен үшін оңай. Осы ойыншықтар, мысалы, қоян, пингвин, кит және панда. Мен осы ойыншықтарды жүнді немен арқылы пісіп жасаймын. Ол ең бірінші басты жасап аласын, оның өзінің фигурасын жасап аласын. Содан кейін қол, аяқ солардың әр жеке жасап,ең соңында бүкілін қосамыз. Содан кейін осы ойыншықтарды мен үйге бауырларыма да жасадым. Менің бауырларыма өте қатты ұнайды, себебі олар түрлі-түрлі ойыншықтар жасағанда олар қызығып ойнайды.

РКС: Келешек ұрпаққа қазақ халқының тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын жеткізу үлкен міндет.

АҚМАРАЛ МҰРАТБЕКҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ