Негізгі Жаңалықтар ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚЫЗЫЛША ЖҰҚТЫРҒАН 21 НАУҚАС АНЫҚТАЛДЫ

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ҚЫЗЫЛША ЖҰҚТЫРҒАН 21 НАУҚАС АНЫҚТАЛДЫ


ДИКТОР: Ақмола облысында инфекцияға қарсы вакцинациялау мәселесі өткір тұр. Екпе алмаған балалар арасында қызылша ауруы тіркелуде. Жыл басынан бері облыста 35 адамның ауру жұқтырғанына күдік болды.

РКС: Сараптама арқылы қызылшаның 21 жағдайы расталды, оның ішінде 2 ересек адам және 14 жасқа дейінгі 19 бала. Дәрігерлерге жүгінген 16 бала екпе алмаған, оның ішінде 7-і ата-анасының вакцинациядан бас тартуына байланысты. Өңірде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет өкілдері екпеден бас тартудың алдын алу мақсатында халықпен жұмыс жүргізуде.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жағдайлар Көкшетау, Степногорск қалаларында және Бурабай, Зеренді, Бұланды аудандарында тіркелді. Жалпы алғанда облыс бойынша профилактикалық екпе алудың орташа көрсеткіші - 54%, республикасы бойынша 47,49% құрайды. Республикада балалар мен жасөспірімдерді профилактикалық егу Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Профилактикалық егумен қамтудың негізгі көрсеткіші – перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді егу.

РКС: Вакциналар қоздырғыштарға қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс қалыптастыру арқылы ауру қаупін азайтады. Дегенмен екпеге қарсы шыққандар да бар. Сала мамандарының айтуынша, бала-бақшада екпе алмаған балалар көптеп табылса, басшылық жауапкершілікке тартылады. Бұл әсіресе жеке меншік бала-бақшаларға қатысты.

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау ережесін бекіту туралы» №289 бұйрығы қабылданды. Жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балалар және ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейі, оның шегінде мектепке дейінгі мекемелердің топтарын құру кезінде топтағы 90% вакцинациялануы тиіс. Екпе алмағандар тек 10% ғана рұқсат етілген. Денсаулығына байланысты екпе ала алмайтын балалар, өзге балалардың вакцина алуы арқылы ұжымдық иммунитет есебінен қорғалады.

РКС: Ведомствоның мәліметінше, вакцинацияға азғасы кері әсер ететін балалар да бар. Қарсы көрсеткіштердің соңы жұқпалы ауруларға әкеліп соқтырады. Сондықтан ұжымдық иммунитетті қалыптастыру маңызды.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, РАХАТ СӘЛЕЕВ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ

Бөлісу

Аймақтық телеарналар