ДИКТОР: 1-ші шілдеден бастап көпбалалы, әлеуметтік көмек алатын, күнкөріс деңгейі тиісті межеден төмен отбасының бүлдіршіндері балабақшаға тегін баруда. Бұл бастаманы Ақмола облысы алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруды бастап кетті.

РКС: Әсем Қабдуәлиева - көпбалалы ана. Оның кішкентай қызының "Қуаныш" бөбекжайына келіп жүргеніне бір жылдан асқан. Үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап балабақша тегін болатынын естіп, оған қажет құжаттарын мектепке дейінгі тәрбие мекемесіне әкеліп тапсырған.

СНХ: ӘСЕМ ҚАБДУӘЛИЕВА, АТА-АНА: Менің 4 балам бар, көпбалалы отбасымыз. 3 қызымыз мектепте оқиды. Кішкентай қызым осы балабақшаға келіп жүр 1 жылдан асты. Бұдан былай балабақша тегін болады деп естіп қуанып жатырмын. Бұл біздің отбасы үшін көмек қаражат жағынан.

РКС: "Қуаныш" бөбекжайында 240 бүлдіршін бар. Олардың 23-і 1 шілдеден бастап, бақшадағы аспен тегін қамтамасыз етілуде. Яғни олардың 22-сі көпбалалы отбасының бүлдіршіндері болса, бір отбасы мемлекеттен әлеуметтік көмек алады.

СНХ: БАҚЫТЖАМАЛ ОМАРОВА, "ҚУАНЫШ" БӨБЕКЖАЙЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Әрине ата-аналар өте қуанып жатыр. Өйткені ол өздерінің отбасылық бюджетіне көптеген көмек. Қазір бір айда тамақтану 1 балаға 15600 теңге болса, бір күнге 706 теңге көлемінде. скл. Көп ата-аналар бізге келіп, құжаттарын бір жұманың ішінде өткізді.

РКС: Осылайша 1 шілдеден бастап облыс бойынша 4 мыңнан аса бала тегін тамақпен қамтылуда. Ал Көкшетау қаласы бойынша 900-ге жуық бүлдіршінге балабақша тегін.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ