ДИКТОР: Жыл сайын елімізде 15-ші шілде металлургтер күні аталып өтіледі. Қазақстанмен қатар, бұл мереке Армения, Беларусь, Украина мен Ресейде де тойланады.
РКС: Концерттік бағдарламаны қала тұрғындары мен қонақтары тамашалады. Жергілікті әншілер сахна төрінде керемет өнер көрсетті.
СНХ: СӘЛИМА ШАБАРОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бүгін көрікті Көкшетауда үлкен шара өтіп жатыр. Баршаңызды осындай үлкен мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Балалардың барлығы қуанып жүр. Шашу шашылды тойдың құрметіне. Өте жақсы өтіп жатыр.
ИНТЕРШУМ: қазақ биінен үзінді
СНХ: РҮСТЕМ БАҚЫШЕВ, МЕТАЛЛУРГ: Мен «Алтынтау-Көкшетауда» 9 жыл бойы жұмыс істеп келемін. Барлық жігіттерді, әріптестерімді Металлург күнімен құттықтаймын! Жұмыстарына табыс тілеймін!
РКС: Мерекелік іс-шараға қаланың өнерпаздарынан бөлек, Петропавл қаласынан «Черный бриллиант» тобы келді. Концерттің құрметті қонағы, елімізге белгілі танымал әнші Argonya қатысты. Ол қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.
ИНТЕРШУМ: аргонияның әнінен үзінді
СНХ: АРГОНИЯ, ӘНШІ: Көкшетау қаласы ұнайды! Жиі келіп тұрамыз. Шақырғандарыңызға көптен көп рахмет! Барша қала тұрғындарын және қала қонақтарын бүгінгі металлург күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мейрамдарыңыз құтты болсын! Жұмыстарыңызға сәттілік, табыс тілеймін!
РКС: Кеш соңы мерекелік отшашумен аяқталды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ