ДИКТОР: «Ақ раушан гүлсіз өткен бір жыл». Дәл осындай атаумен облыс орталығында Юрий Шатуновты еске алуға арналған концерт өтті. Кеште «Ласковый май» тобының хитіне айналған үздік әндер шырқалды. Авторлық әндер де орындалды.
РКС: Аталған шараға 20-дан астам жергілікті өнерпаз қатысуға ниет білдіріпті. Оның әрқайсысы Юрий Шатуновтың өнеріне бас иетіндер. Сондықтан олар осы концертке бар жан-тәнін салып дайындалды. Қатысушылардың дені өнерпаздың әндерін тыңдап өсті. Мысалы, Лапковский работает механизатор болып еңбек етеді. Жастайынан әншінің шығармашылығына қызығушылық танытып, жаңа туындысын іздеп жүріп жаттайтынын айтты.
СНХ: ВЯЧЕСЛАВ ЛАПКОВСКИЙ, КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСУШЫ: Дауысымды ұқсатып жатады. Әннің әуенін бұзбай айтуға тырысамын. Әншінің орындауынан ауытқығым келмейді. Онымен жеке таныс болғам жоқ. Бір рет Астанада өткен концертіне бардым. Оның әндерін жақсы көрем, орындау мәнері қатты ұнайды.
ИНТЕРШУМ: Вячеслав Лапковский, песня «Грёзы»
РСК: Бұл шараға ұйымдастырушылар бір айдан астам уақыт дайындалғандарын айтты. Аталған концертті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен облыстық әкімшілікке алғыстарын жеткізді.
СНХ: ӘСЕМ ГОРДИЕНКО, КОНЦЕРТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ: Өткен жылы да дәл осындай еске алу кешін ұйымдастырған едік. Биыл сол үрдісті тағы да қайталайық деп шештік. Біздің бастамамызды қолдаушылар көп болды. Облыстың барлық өңірінен келген өнерпаздар келді. Көршілес аймақтан да қатысуға ниет білдіргендер бар. Юрий Шатуновтың өнерін бағалаушылардың көп екеніне қуанып отырмыз.
СНХ: АЛЬБИНА КОТОВА, КОНЦЕРТКЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен де таланттың өнеріне табынушылардың қатарынанмын. Бүгін осы концертті ұйымдастырып жатқан Әсемді қолдауға келіп қалдым. Биыл былтырғыға қарағанда мықтап дайындалдық. Бәрін көргеніме қуаныштымын.
РКС: Көрермендер жергілікті өнерпаздардың өнерін жоғары бағалады. Ұйымдастырушылар бұған дейінгі іс-шарадан жиылған қаржыға Қарағанды қаласында «Ақ раушан гүл» аллеясының отырғызылғанын атап өтті.
АҚМАРАЛ ҚҰСАЙЫНОВА, РАХАТ САЛЕЕВ, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ