ДИКТОР: Бестөбеде тоқтап тұрған кеніштің қызметкерлерін жұмыспен қамту мәселесі шешіліп біртіндеп жатыр. Компания әр қызметкеріне ерекше көңіл бөлуде. Олардың біліктілігін ескере отырып, елдегі тау-кен өндіруші компанияларда бос жұмыс орындарының болуына байланысты бірнеше мүмкіндіктер ұсынып отыр.

РКС: Кеніштің кеңсесінде бестөбеліктерге 19 маусымнан бастап бос жұмыс орындары ұсынылып келеді. Жұмысқа қабылдауды Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары және «Қазақалтын» серіктестігінің, «Алтыналмас» компаниясының, «Қазақмыс» корпорациясының өкілдері жүзеге асырады. «Қазақмыста» негізгі мамандықтар бойынша ұсынылатын жалақы Бестөбе кенішіндегіден 2-2,5 есе, «Алтыналмаста» 40-50 пайызға жоғары. Дегенмен, Бестөбе тұрғындары бұл ұсыныстарды қабылдауға асығар емес. Қызметкерлердің бір бөлігі Бестөбеде қалып, шахтаны қалпына келтіру жұмыстарына қатысуға мүмкіндігі бар. Өзгелері республика бойынша кәсіпорындарда вахталық әдіспен жұмыс істеуді таңдай алады.

СНХ: ҚАНАТ АМАНОВ, БЕСТӨБЕ КЕНІШІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Жұмысшылар тоқтау кезінде екі жыл бойы орташа жалақы алды. Жұмыста болған кезекшілер де орташа жалақы алатын. Олар нысандардың қараусыз қалмау үшін қызмет көрсеткендер. Кәсіпорын өз қызметкерлерін назардан тыс қалдырмайды. Шахта 2 жыл бойы тоқтап тұрса да, біз жұмысшыларымызға қамқорлық жасаймыз, оларды жұмыссыз қалдырғымыз келмейді, сондықтан осындай бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

РКС: Үш аптаның қорытындысы бойынша шараға 800-ге жуық астам адам қатысты, оның 7-уі Алтыналмасқа көшуге дайын. 52 қызметкер "Қазақмысқа" жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Сондай-ақ, жұмыстан шығуға ниет білдірген қызметкерлер 4 орташа жалақы көлемінде бір реттік өтемақы алады. Бүгінде бұл нұсқаны 330-дан астам адам пайдаланған.

СНХ: БАЛТАБЕК ТАДЫМОВ, ШАХТЁР: Мен осы жерде тудым. Екінші шахтада 35 жыл бойы жұмыс істедім. Бірақ, 2 жыл бұрын шахтаны жауып тастады. Бізге шахтаның жұмысы қайта жанданып жатқанын айтты, бұған өте қуаныштымыз. Бәрі жақсы болады, қаншама жастар жұмысқа шығады. Су тартылса, қалған жұмысшылар жұмысқа кіріседі.

СНХ: ВИКТОР БУТОК, ШАХТЁР: Мен шахтада 35 жылдан астам тау-кен саласында жұмыс істедім, соңғы 8 жылда желдету қызметімен айналыстым. Қазіргі уақытта біз шахтаны іске қосу бойынша жұмыс істеп, қалпына келтіруді бастап жатырмыз. Барлық адамдар жұмысқа баруға дайын, бәрі мұны көптен күтті.

РКС: Бестөбе кентінің жұмысы 2021 жылдың шілде айынан бастап тоқтады. Ауылдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге тырысқан «Алтыналмас» серіктестігі осы уақыт аралығында жұмысшыларға орташа жалақы төлеп келеді. Сонымен қатар, серіктестік ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын сақтауға көмектеседі. Кентті абаттандыру әкімдікпен, жергілікті тұрғындармен бірлесіп атқарылып келеді.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ