ДИКТОР: Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық дайындық орталығында шаңғы роллерлерінен әлем кубогының бірінші кезеңі басталды. Спортшылар жарыстың 4 түрі бойынша бақ сынасады. Олар спринт, супер спринт, жеке жарыс және масс-старт бойынша сынға түседі.
РКС: Қазақстанның шаңғы спорты тарихында мұндай жарыстың өтуі алғаш. Жарысқа 2 жас санаты бойынша ерлер мен әйелдер және жасөспірім ұлдар мен қыздар шықты. Дүбірлі додаға қатысуға қазақстан, Норвегия, Италия, Швеция, Латвия, Қырғызстан, қытайдың Тайбейі мен Таиландтан спортшылар ниет білдірген. Барлығы 192 спортшы. Жарыстың өтетін орнын таңдау да тегіннен тегін емес.
СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ҚЫСҚЫ СПОРТ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ОЛИМПИАДАЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ақпан айында шаңғы жарысының федерациясы шаңғы роллерлері жарысының бір кезеңін осы жерде өткізуге өтінім берген едік.....Міне, бүгін өздерініңіз соның жемісін көріп отырсыздар.
РКС: Қазақстандық спортшылар бәсекелестеріне дес берер емес. Жасөспірім жарысқа қатысушылардың бәрі жеңіс тұғырына көтерілді. Солардың бірі Сұлтан Базарбеков. Еркін жүрістегі спринтте бірінші орынды еншіледі.
СНХ: СҰЛТАН БАЗАРБЕКОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Қазақстанда алғаш рет әлем кубогы өтіп жатыр. Бұған дейін бірнеше мәрте Европа елдерінде қатысып жүрдім. Бізде де барлық жағдай жасалған. Жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Жоспарға сай жаттығу жасадық. Осы жерде дайындалдық.
РКС: Ерлер арасындағы алғашқы жарыста бірінші орынды Италиядан келген спортшы, ал әйелдер арасындағы жүлдені Швециялық нәзік жанды иеленді. Жасөспірімдер арасында итальяндық спортшы қыз алтыннан алқа тақты. Қазақстандық Артем Ковалев тарихта алғаш рет күміс жүлдегер атанды. Қазақстанның құрамасында жалғыз қөзі финалға өтті. Бұл әлем кубогы шаңғы роллерлері бойынша жаңа маусымның алғашқы халықаралық жарысы. Келесі кезеңдер Латвия мен Италияда тамыз бен қыркүйекте өтеді.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ