ДИКТОР: Биыл облыс орталығында құрылыс қарқынды. Бірақ, кейбірінің сапасы сын көтере бермейді. Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қалада бой көтеріп жатқан жаңа нысандарды аралап қайтты.
РКС: Қалада күрделі жөндеу жұмысы жүріп жатқан нысанның бірі-Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебеп-ғылыми кітапхана. Оған облыстық бюджеттен 211 млн.теңге бөлінді. Мәдени нысанның іргетасы 1971 жылы қаланған. Содан бері ел игілігі үшін тоқтаусыз қызмет етіп келеді. Тек ғимараттың тозығы жетіп, әбден ескірген. Жұмыс жоспарға сай жүргізілуде.
СНХ: ҚУАНЫШ ОСПАН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ДИРЕКТОРЫ: Жертөлені жөндеу толығымен аяқталды. Жылу жүйелері, шатыры ауыстырылды. Бірақ, шатыр қағаз бойынша кірмей қалған. Біз абаттандыруға берілген ақшаны алдық. Бүкіл еден, төбе мен терезелер ауыстырылды.
РКС: Кейін аймақ басшысы Ермек Маржықпаев Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі жанынан салынып жатқан жатақхананың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Құны 1,5 млрд теңгеге жуық нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бірақ, белгіленген мерзімнен кешіктіріліп жатқан ғимараттың құрылысына көңілі толмаған Ермек Боранбайұлы мердігерлерге қатаң сын айтты. Құрылыс 2 жыл бұрын басталған. Ішкі әрлеу жұмыстары әлі толық аяқталмаған.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Барлығын мұқият қарап, дұрыс істеу қажет. Қабырғаларын тегістеу керек. Уақыт тым тығыз. Жаңа ғимарат. Осы үшін ақша алып отырсыздар. Сондықтан бәрі сапалы болуы тиіс. Әлі қаншама жұмыс бітпеген. Тездету керек.
РКС: Аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құрылыс жұмысын қарқындатып, жаңа оқу жылына дейін аяқтауды тапсырды.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ