ДИКТОР: Перуде Убинас жанартауы оянды. Жергілікті билік қауіптің “қызғылт-сары” деңгейін жариялады. Егер жағдай ушықса, жүздеген адам эвакуациялануы мүмкін. Мокегуа аймағында бұл жанартау соңғы рет 2019 жылы оянған еді. Сол кезде жақын маңдағы елді мекен тұрғындарының барлығы қауіпсіз жерге көшірілген. Жалпы Перуде белсенді ондаған жанартау бар. Мемлекет Тынық мұхитының шеңберінде орналасқандықтан, елде жиі жер сілкінісі болып тұрады.