ДИКТОР: Ақмола облысында бір жарым айда 50-ден астам жол апаты орын алды. Салдарынан жиырмаға жуық адам қаза тапты. Жүзден астам тұрғын жарақат алған. Жантүршігерлік жағдайдың көбі үлкен тас жолдың бойында болған. Мәселен, маусым айының басында жүк машинасы мен жеңіл автокөлік соқтығысып, екі адам көз жұмды. Қалған үшеуі ауруханаға жеткізілген.
РКС: Бір ажалдан аман қалғандардың бірі -Борис Курган. Щучинск қаласының 34 жастағы тұрғыны осыдан бірнеше апта бұрын жол апатына ұшыраған. Аяғы мен омыртқасы алты жерден сынып, миына зақым келген. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізіп, шұғыл операция жасаған.
СНХ: БОРИС КУРГАН, ЖОЛ АПАТЫНАН ЗАРДАП ШЕГУШІ: Бурабайға бара жатқан жолда жүк машинасы қатты жылдамдықпен келе жатып, көлігімнің артынан соқты. Бәрі бір-ақ сәтте болды. Түк түсінбей қалдым. Бірер күнде дәрігерлер тағы да ота жасаймыз деп отыр.
РКС: Өңірдегі жол апатының 70 проценті республикалық маңызы бар тас жолдарда орын алған. Бұл көбінесе күні-түні тыным таппай, адам тасымалдайтын таксистердің салғырттығынан,-дейді тұрғындар.
БЛИЦ:
- Күні-түні таксовать етеді. Демалу керек рөлде отырғасын. Сол шаршағаннан қалғып кетеді. Сондай жағдайлар көп болып жатыр.
-Водительдер қатты жүреді. 200-220 мен жүреді де, оның аяғы ДТП-ға әкеліп соғады. Өзіміз нарушать етпесек те, біреу алдынан-артынан кіріп кете ме деп қауіптенеміз.
- Кейбіріміз жағдайымызды көтереміз деп екі жұмыс істейміз. Сол себептен шаршап, жол апаты туындайды. Табыс аз болады. Семья, кредит.
STAND-UP: ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ТІЛШІ: Ақмола облысында жыл басынан бері 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 39 адам қаза тапты. 300-ден астам тұрғын түрлі жарақат алды. Полицейлердің мәліметінше, бұл бірінші кезекте жүргізушілердің жылдамдықты асырып, жол ережесін сақтамауынан болып отыр.
РКС: Мәселен, осыдан екі апта бұрын ғана тәртіп сақшылары жылдамдықты 137 рет асырған Көкшетау қаласының 43 жастағы тұрғынын ұстаған. Темір тұлпарына ресейлік нөмірді тағып алып, заңнан қаймықпаған жүргізушіге 1 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
СНХ: АСЛАН ҚЫЗБИКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Қазір жылдамдық өлшегіш мобильді радарларды қайта пайдалану туралы шешім қабылданды. Бұл жол апатын азайтуға сеп болмақ. Жыл басынан бері біз маскүйінде көлік жүргізген 848 жүргізушіні ұстадық.
РКС: Қазір Ақмола облысының жолдарында 75 қауіпті жол учаскесі бар. Олардың барлығында арнайы жол белгілері мен ескерту тақталары орнатылған. Полицейлер жол апатын азайту үшін заңды күшейту керек,-дейді.
ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ