ДИКТОР: Бүгін «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері марапатталды. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев биылғы оқу жылында топ жарған түлектерді құттықтап, қаржылай сертификаттарды табыс етті.
РКС: Биыл 5 мыңға жуық ақмолалық түлек мектеп табалдырығын аттады. Олардың 230-ы «Алтын белгі» иегері атанған. Көбі еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарынан бөлек, өзге мемлекеттердегі үздік университтеттерде тегін оқуға мүмкіндік алып үлгерді. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев, жас түлектерге ақ жол тілеп, ұстаз қауымына ерен еңбегі үшін алғысын білдірді.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінгі марапаттарыңыз 11 жыл бойы алған білімдеріңіздің жемісі. Білікті ұстаздарыңыз бен ата-аналарыңыздың ортақ жеңісі. Мектеп бітіргелі жатқан әр түлек Қазақстанның болашағын көркейтуге үлес қосады деп сенемін. Еліміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Мемлекетіміздің гүлдену жолында өздеріңізге серік болатын ол әрине білім мен таудай талап. Әрдайым ізденіс керек. Ел тізгінін берік ұстап, еліміздің лайықты азаматы болуларыңғызға тілектеспін.
РКС: Осы жылы ең көп «Алтын белгі» иегерлерін дайындаған білім ордалары да анықталды. Олар Қосшы, Ақкөл, Атбасар, Макинск қалаласы мен Целиноград және Аршалы аудандарында орналасқан мектептер. Бүгінгі салтанатты шара балалар үшін ғана емес, түлектердің ата-анасы үшін де көңіл толқытарлық сәт.
СНХ: АЗАРИЯ НҰРБЕКОВА, «АЛТЫН БЕЛГІ» ИЕГЕРІ: Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын. Үлкен еңбек. Ал бұл еңбекке жеткізген, білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы. Еңбьектеріңіз үшін, шындамдықтарыңыз үшін, әр баланың бойынан таба білгендеріңіз үшін алғысымды айтамын. Болашақта дәрігер мамандығын таңдаймын. Болашақта жақсы маман иесі атанып, елдің дамуына үлесімді қосқым келеді. «Астана» медициналық университетіне түскім келеді. Ата-анамның да үмітін ақтаймын деген үміттемін.
СНХ: ЕРІК ШӘПИЕВ, АЗАРИЯНЫҢ ӘКЕСІ: Қызымыз міне бүгін үлкен жетістікке жетіп, қолына осындай үлкен марапат алып отырғанына өте қуаныштымыз. Алдағы уақытта қызымыздың үлкен жетістіктерге жететініне кәміл сенеміз. Барлық бүгінгі «алтын белгі» иегерлерін құттықтаймыз.
РКС: Қазақстанның мақтанышына айналған жастар аз емес. Мектеп бітіруші түлектердің қатарында шетел университеттеріне грант ұтып алған үздік оқушылар да бар. Сонымен қатар халықаралық, республикалық байқауларда үздік үштікке іліккен түлектердің қатары көбейіп келеді.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ