ДИКТОР: Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіндегі көп мәселенің қатарында былтырғы жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы, қаражатты мақсатты пайдалануда кеткен кемшіліктер қаралды. Сонымен қатар биылғы жылға бөлінген қаражат та талқыланды.
РКС: Отырыста өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының іске асырылуы туралы мәселе қаралды. Облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтенов мәлімдеді.
СНХ: ТАЛҒАТ БӨЛТЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАРЖЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Кірістер бойынша бюджет параметрлері 401 млрд 80 миллион теңге көлемінде бекітілді. Былтыр облыстық бюджет 6 рет нақтыланып, 20 рет түзетілді. Бұл республикалық бюджеттің көлемінің өзгеруіне, сондай-ақ бюджет қаражатын қайта бөлуге байланысты. Нәтижесінде кіріс 19,2 процентке ұлғайып, 477 млрд 972 млн.теңгеге жетті.
РКС: Былтыр 479,5 млрд теңгеге жуық кіріс кірген. Бұл бұрнағы жылмен салыстырғанда 55 млрд теңгеге артық, - деп атап өтті мамандар. Жиында бюджеттің атқарылуын талдау мәселесі де қозғалды.
СНХ:ҚАНАТ ЕСМАҒАМБЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 2022жылдың қорытындысы облыстың экономикасы 8,4 деңгейінде өсімге қол жеткізді. Нақты сектордағы өсім 15,1 пайызды құрады. Оның ішінде өнеркәсіп 134 пайызға 1 триллион 482 миллиард теңгеге дейін. Республика рейтингінде облыс бірінші орында.Ауыл шаруашылығында 144 процентке 1 триллион 75 миллирад теңгеге дейін жетті.Республика бойынша екінші орында.
РКС: Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар қаралып, тұрақты комиссияның қаулысы дайындалады. Талқыланған мәселенің шешімі алдағы сессияда шығарылмақ.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ