ДИКТОР: Облыс орталығында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Өлең – сөздің данасы, шындықтың анасы» атты жыр жарысы өтті. Мәнерлеп оқу сайысында түрлі колледждер мен университеттерден келген 9 қатысушы өз өнерлерін көрсетті.
РКС: Сайыскерлердің айтуынша, ақын өлеңдерінің мағынасы терең, тәрбиеге, жанашырлыққа, әділеттілікке баулиды. Бұл сайысқа қатысушылардың әрқайсысы үлкен жауапкершілікпен дайындалған. Қатысушылар өлеңдер мен әндер жазылған бейнероликтерін алдын ала жолдады.
СНХ: БҰЛБҰЛ ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Мен Есіл ауданынан келдім. Мағжан Жұмабаевтың «Хакім Абай» өлеңдерін оқимын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін. Еліміздің одан әрі гүлденуі үшін осындай жарыстар есте қала берсін дегім келеді.
РКС: Бұл шара Мағжан Жұмабаевтың өнерін насихаттау мақсатында өткізіліп жатыр. Жыл өткен сайын жастардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығы артып келеді.
СНХ: МАНАРБЕК ҚАДЫРБАЙ, ӘДІЛ ҚАЗЫЛАР МҮШЕСІ: Бұл байқауды ішкі саясат бөлімі жастар арасында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай ұйымдастырып отыр. Мұнда Мағжанның өлеңдері оқылады. Жастар Мағжан шығармашылығына құмар. Бұл шара ақынды тануға үлкен мүмкіндік береді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз. Мағжанның өзін тану – қазақ жастарының парызы. «Мен жастарға сенемін» деген ақынның сөзі есіме түсті. Ол армандаған жастық шаққа айналамыз деп ойлаймын.
РКС: Бірінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Меруерт Палмахан алды. Күміс жүлде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледжінің студенті Айзат Ғалымға бұйырды. Үздік үштікті Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті Бұлбұл Төлеуханқызы қорытындылады.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, РАХАТ СӘЛЕЕВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ