ДИКТОР: Көкшетауда 10 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр. Пәтер алуды күту мәселесі азаматтарды қатты алаңдатып отыр. Баспана алу үшін адамдар жылдар бойы кезекте тұр, тіпті осы уақыт ішінде зейнет жасынан асып кеткендер де бар.
РКС: 2006 жылы Қонысбай Үмбетов «мемлекеттік қызметкер» санаты бойынша баспана кезегінде тұрған еді, 17 жыл өтті. Ол зейнетке шықты, бірақ әлі де үй кілтін алмады.
СНХ: ҚОНЫСБАЙ ҮМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Әкімдікке бардым, олар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа хабарлас деді. Жақында ғана бұрынғы әріптесім пәтер алды. Бірақ жаңа тұрғын үй кешенінен емес. Қазір баспана өте қымбат. Мен не істерімді білмеймін. Сонша уақыт кезекте тұру қиын.
РКС: Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінде пәтерлердің барлығы кезек бойынша бөлінгенін айтты. Бірақ өзіндік ережелер де бар. Мысалы, жалға берілетін үй белгілі бір санаттағы азаматтарға арналған болуы керек.
СНХ: ӘДІЛЕТ РАҚЫМЖАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Соңғы 3 жылда бюджеттік ұйым қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерге баспана мүлдем берілмей келеді. Сондықтан ол тұра береді. Егер ол сәйкесінше басқа санатта болса, баспанаға тезірек қол жеткізер еді.
РКС: Биыл 100 адамға жаңа пәтердің кілті табысталды. Жаңа үйлер де салынып жатыр. Осы жылы 8 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Келер жылы тағы 7 үйдің құрылысы аяқталмақ.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕН, ӘЛІШЕР ШАКУБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ