ДИКТОР: Ересектер арасындағы асық ату мен бес асықтан республикалық чемпионат аяқталды. Аймақтардан барлығы 16 команда қатысты. Жарыс ұйымдастырушылары спортшылардың шеберлігін жоғары бағалап отыр. Жарыс қорытындысы бойынша асық атудан 1 орынды Шымкент, 2-ші орынды Павлодар, 3-ші орынды Түркістан қаласының командасы иеленді. Ал бес асықтан қоланы Қызылордалық, күмісті Қостанайлық спортшылар еншілесе, елордалық ойыншылар алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, чемпионат жеңімпаздары қаржылай сертификаттармен марапатталды.
СНХ: НҰРҚАНАТ МОЛЖІГІТОВ, АСЫҚ АТУДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Шымкент қаласынан келдім. 5 дүркін чемпионмын. Бұл жарыста да жеңімпаз атандым. Ойын қызықты өтті. Біздің салт-дәстүрлеріміздің сақталып, бұл спорт түрінің өркендеуін тілеймін. Өскелең ұрпаққа нисихатталып жүрсін.
СНХ: БАЛМИРА БЕКБОЛСЫНОВА, БЕС АСЫҚТАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Астана қаласының командасы атынан өнер көрсеттім. Біз 1 орын алдық. Мұндай чемпионатқа алғаш рет қатысып отырмын. Бірінші рет чемпион атандым. Чемпионат жоғары деңгейде өтті. Бәсекелестік қызу. Барлығы жақсы дайындалған.