ДИКТОР: Щучинск қаласындағы Жақсы екі базасында бірнеше күнге созылған садақ атушылардың жарысы аяқталды.
STAND-UP: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ТІЛШІ: (спартакиадада мергендердің мерейі үстем болды).
РКС: Осынау байрақты бәсекеде Ақмола облысының намысын Целиноград ауданының 9 мерген садақшысы қорғады. Оларды бірнеше білікті бапкер дайындап, жалпы командалық үшінші орынға шығарды.
СНХ: БАУЫРЖАН ЖОЛДЫБАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ АҒА БАПКЕРІ: Садақ ату біздің облысымызда Целиноград ауданында мықты дамыған. Оларды бірнеше спорт шебері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері тәрбиеленіп шықты. Садақ атушыларды Бибігүл Ізбасарова, Аружан Әбдіразақ, Теміржан Байғали, Амангелді Сағындық секілді мықты мамандар дайындайды.
РКС: Жарыс алдында жерлесіміз Андрей Тютюн жеңіске жетемін деп уәде берген болатын. Ол сөзінде тұрды. Сөйтіп олимпиадалық жаттығуда алтын медальға ие болды.
СНХ: АНДРЕЙ ТЮТЮН, СПАРТАКИАДА ЧЕМПИОНЫ: Менімен бірге командада Рақымбек Майқыбаев, Вебер Рудольф өнер көрсетті. Жеке бапкерім Бауыржан ағайға алғысым шексіз.
РСК: Командалық есепте Вебер Рудольф пен Рақымбек Майқыбаев үздік шықты. Сондай-ақ, Самира Жұмағұлова мен Андрей Тютюн нөмір бірінші жаттығуда күміспен күттелді.
ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ