ДИКТОР: Облыс орталығында Асық атудан және бес асықтан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Жарыс 3 күнге созылады. Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар үздіктерді анықтау үшін «Болашақ сарайы» сарайына жиналды.
РКС: Ғасырлар бойы асық үлкен мен кішіге тең, пайдасы орасан зор ойын ретінде жалғасып келеді. Ол жай ғана ойын емес, шеберлік пен көшбасшылық қасиеттерін дамытатын кәсіби спорт. Бүгін жарысқа қатысушылар жеңіске жету үшін барлық жиған тәжірибиелерін ортаға салуға ниетті.
СНХ: ЖОМАРТ САБЫРЖАНОВ, ҚР «АСЫК АТУ» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Бұл аталмыш спорт түрлерінен ересектер арасындағы кезекті ел чемпионаты. 20 жылдан бері ата-бабаларымыздың мұрасын насихаттап келеміз. Асық ату мектеп бағдарламасына енгізіледі. Қазақстанда осы спортпен 78 мыңнан астам спортшы және 1004 жаттықтырушы айналысады. Бүгінгі турнирдің барлық қатысушыларына шеберлік пен ептілік тілеймін, мықты жеңіске жетсін!
РКС: Ел чемпионатына 16 команда қатысады. «Асық атуда» ерлер арасында жарыс өтіп жатыр, әйелдер «Бес асық» ойынында сайысқа түседі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшылардың шеберлігі жоғары деңгейде.
СНХ: АЛМАС ҚАРАБАЕВ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ: Мен Түркістан облысынан келдім. Республикалық чемпионатқа 9 рет қатысамын. Осы спорт түрімен 9 жылдан бері айналысып келемін. Құраманың капитанымын. Биыл біздің команда Азия чемпионы атанды. Сонымен қатар, Румынияда өткен Әлем кубогын жеңіп алдық.
РКС: Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы жеңімпаздарды ақшалай марапаттады. Осылайша, чемпионаттың жеңімпаздары 150 мың теңге көлемінде жүлде қорына ие болады. Екінші орын алған командаға - 100 мың теңге бұйырса, үшінші орынға 75 мың теңге қарастырылып отыр.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ҚАЙЫРБЕК ТӨЛЕГЕНОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ